Ауылда Әз-Наурыз қалай тойланады?
01.04.2026
42
0

Көктем – бар тіршілік қалың ұйқыдан ояныпбарша тірі жан атаулы жаңа кезеңге аяқ басатын мезгілКөктемнің алғашқы айы – наурыз. Ал наурыз айы келгенде құт пен береке бірге келеді.

Айнала жасыл желекке еніпкүн шуа­ғын жан-жаққа таратыпәлем жаңарғандай күйге енедіНаурыз айындағы Әз-Наурыз мейрамын әр өлке өзінше бір ерекшелікпен атап өтедіБұл мейрам қазақтардың айрықша атап өтетін Жаңа жылыБұл күнде бар тіршілік жаңарадыӨмір жаңа жанданғандай күй кешедіЖер бетіне көк шығыптүрлі-түсті кілем жайылғандай көріктенедіБір сөзбен айтқанда, айнала құлпыра түседі.

Наурыз мерекесін тойлау – қуаныш пен молшылықтыңжаңашылдық пен жақсылықтың айқын көрінісіАуыл-аймақ түгел осы атаулы күнді ерекше өткізедіҚазақылық пен салт-дәстүрдің иісі аңқып тұрадыӘйтсе де қала тұрғындары да ауылдан кем тойламайтынын айтып өткен жөн боларӨкпе-реніш өткенге қалыпбір-бірін құттықтап татулықта бас қосатын мейрамАқ дастарқан жайылып, қазақтың ыстық бауырсағы ауылдың қара қазанында дөңгеленіп қызарып пісіпәпке-жеңгелеріміз қазан-ошақтың басында наурыз көже қайнатыпасыр салып тойлайтын күнСөйтіп, Наурыз күні қазандар көжеге толадыӘн шырқалып, би билейдіҮлкендер ақ батасын беріп«ақ мол болсынқайда барсаң, жол болсын» деп бата-тілектерін айтадыҮлкеннен бата алу мәртебе саналған.

Наурыз айында ұлттық ойындары­мыз ойналыптүрлі жарыстар ұйым­дас­тырыладыКөк жайлауда алтыбақан құрылыпауыл жастары сауық-сайран құрадыСалтымыз бен дәстүріміз ерекше дәріптеліп, ұлттық киім киіпкиіз үйлер тігіліп, абыр-сабыр той-думанның көрінісі ерекше қуантадыҰлттық дәм де тыс қалмайдыҚұртірімшікжент және қолдың сары майы мен ыстық бауырсағы дастарқанның сәнін келтіредіДәмін айтсаңызшыТаңдайыңда қалып қоядыСол күні бәрі думанды, көңілді өтеді.

Менің әлі күнге дейін есімдеәжем жыл сайын наурыз көже дайындайтынКөршіқолаңтуыс-туғанды шақырып көже беретінбізӘжем ылғи да: «Жыл сайын қалдырмай көже берейікқонақ келсе, үйге құт-береке бірге келедіЖыл­да бермесем, жүрегім біртүрлі бола­ды», – деп айтып отыратынБір күн бұ­­рын ерте дайындаламызЖеті түрлі қоспасын дайындапбидай, жүгерісін бұқтырып дайындап қоятынбызӘжем таң ертесімен тұрып қазанға от жағып, үлкен қазанға көжесін бұрқыратып қай­ната­тынАлғашқылардың бірі болып мен дәм тататынмынӘлі күнге дейін дәмі аузымнан кеткен емесСол дәстүрді жалғастырып, анам да жылда наурыз көже әзірлейдіСондықтан бұл мерекенің мен үшін орны бөлекӘсіресе наурыз көже – балалығымның ең ерекше дәмі.

МінеНаурыз – көптеген жақсылық пен жылулық алып келетін мейрам. Тек жарқын көріністерімен есте қаладыӘз-Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен шарапат алып келсінБұл мерекені тек жоғары деңгейде тойлай берейік.

Жанерке БАСАРОВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір