Наурыз – берекем, Наурыз – мерекем
18.03.2024
612
0

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі Алматы орталықтандырылған кітапхана жүйесі №20 кітапханада тойланды.
Наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін күні. Бұл күні жер шары алаңдарын қоспағанда, бүкіл жер бетінде күн мен түн теңеседі, яғни бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз мейрамы – ғасырдан-ғасырға жалғасып, ерекше реңкте тойланып келе жатқан түркі халықтарының төл мерекесі. «Наурыз – көктем мейрамы, табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың, жаңа өмірдің басталуы.
Ұлыстың ұлы күні қазақ халқы үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Бұл күні қазақтың ұлттық дәстүрлеріне, соның ішінде көрісу, қайырымдылық жасау, ақ дастарқан күні деп ерекше мазмұн бере отырып, бағдарлама аясында қазақтың ұлттық тағамдары әзірленіп, қатысушылар үшін дәм таратылды. Іс-шара аясында Зина Сайлауқызының демеушілігімен «Ұзақ өмір сүру» орталық ұжымы қатысып, өздерінің бар өнерлерін паш етті. Біздің ұлттық құндылықтарымызды өзге ұлт өкілдеріне де насихаттап жүргенін айта кетті. Сондай-ақ кітап­хана қызметкерлері Наурыз мерекесіне арналған кітап көрме таныстырылымын, ұлттық тағамдар таныстырылымын жасап өтті. Бағдарлама соңына келген қонақтарға меңгерушіміз ризашылығын білдіріп, «Ұзақ өмір сүру» орталығына «Алғысхат» табыстады.

Алия Боранбай

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір