НАУРЫЗ
02.04.2026
58
0

Міржақып ДУЛАТҰЛЫ

«НАУРЫЗ»
Сәлем бердік! Жас наурыз,
жылдың басы!
Жұрттың күткен мінеки, ықыласы!
Көжесін құйып, күйбеңдеп, басын асып,
Бермек әркім барынша қонақасы.

Келгеніңе құттықтап бірін-бірі,
Қуанышта, көрісіп кәрі, жасы.
Көңілі түгіл адамның сен келген соң,
Самарқанның елжіреп тұр көк тасы.

Күйін көріп қуанған мұңсыз деме!
Толып жатқан көбінің бар мәнісі,
Табақ тартып «әумин» деп
қол жайды жұрт,
Батаңды бер жарылқар, жыл мырзасы!

«Қазақ» газетінің 1914 жылғы 9 наурыздағы №53 санының беташары ретінде жарияланған «Наурыз» атты редакциялық өлеңі.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір