«МЫҢ ЖАСАҒАН АЛМАТЫ»
Жуырда Ұлттық Баспасөз клубында журналистерге арналған қалалық «Мың жасаған Алматы» байқауына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Шараға «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, жазушы Жұмабай Шаштайұлы, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігінің жоба үйлестірушісі Болатбек Төлепберген және Алматы қаласы Ішкі саясат Басқарма басшысының орынбасары Серік Түймебаевтар қатысты. Аталмыш бәйге Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, шаһардың 1000 жылдығын және оның бүгінгі тыныс-тіршілігін насихаттау, журналистердің шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ, «Төртінші билік» өкілдерін Елбасының 5 институционалдық реформасы – «Ұлт жоспары» мен «100 нақты қадамды» жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылуда. 2016 жылдың 28 маусымынан 5 қыркүйек аралығында эфирге шыққан материалдар, бағдарламалар циклі һәм түрлі жанрдағы жарияланымдар қабылданады. Жүлдегерлерді 8 номинация бойынша марапаттайды, яғни 1. үздік бейнесюжет, 2. үздік радиосюжет, 3. БАҚ-тағы үздік жарияланым, 4. ғаламтор-ресурстарындағы үздік жарияланым, 5. ақпараттық агенттіктер ленталарында жариялданған үздік материал, 6. үздік фотоматериал, 7. үздік жас журналист және 8. үздік блогер. Байқау материалдары мына мекен-жай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Жандосов көшесі. 1\1 (Байзақов көшесінің қиылысы), тел.: +7-7272-50-23-55, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі, эл.пошта: jeruik.almaty@mail.ru.