Алматы және Алматы облысындағы колледждермен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
17.04.2024
545
0

2024 жылдың 16 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ Алматы қаласындағы №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжі және Алматы облысындағы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Ынтымақтастық кездесуіне Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі директоры Алмас Жылкыбаев, №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж директоры Магишат Мендгазиева, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлы-педагогикалық колледжі директорының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары Ирина Зинковец, академиялық қызмет жөніндегі проректор Бану Нарбекова, Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры Хайрулла Нышанұлы қатысты.

Кездесу барысында университет білім алушыларын 2024/2025 оқу жылында өндірістік іс-тәжірибеге тарту, университеттің 2023/2024 оқу жылында бітіретін магистратура түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін бірігіп шешу, колледж білім алушыларын педагогикалық мамандықта тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізу, білім бағдарламаларын сәйкестендіру және білім сапасын көтеру бойынша бірлескен академиялық жұмыстарды атқару мәселелері талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақытта 2024/2025 оқу жылына арналған бірлескен кешенді жоспарды бекіту туралы келісімге келді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

 

 

 

 

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір