Мазмұны мәнді шара

Республика күніне орай «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында ел рухын көтерген, тағылымы терең, мазмұны мәнді «Республика рухы – болашақтың бағдары» атты кеш өтті.
Шараға қазақ руханиятының көрнекті өкілдері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Қазақстанның құрметті жазушысы Жұмаш Кенебай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, «Алатау арайы» газетінің тілшісі, ақын Қуат Қайранбаев, сондай-ақ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Нұржан Мүсірәліұлы мен Шамалған ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Баян Садырбайқызы кештің қадірлі қонағы болды.
Кеш барысында Қарасай аудандық мәдениет үйінің талантты әншілері өнер көрсетіп, В.Белинский атындағы орта мектептің кадет сыныбы қадірлі қонақтарды патриоттық әндермен қарсы алды. Шараға қатысушы меймандар өз кезегінде елдің ертеңі жастарға тәуелсіздіктің киесі мен жауапкершілігі жөнінде тағылымды сөздер айтты.
Алматы облысы