Атырауда Герольд Бельгердің 90 жылдығына арналған іс-шара өт­ті
04.11.2024
261
0

Атырау қаласындағы «Былина» халықтық кітапханасында танымал жазушы, прозашы, публицист, әдебиет зерт­теушісі, сыншы және аудармашы Герольд Бельгердің 90 жылдығы­на арналған іс-шара ұйымдастырылды. Жиынға жергілікті қауымдастық өкілдері, әдебиетсүйер қауым қатысып, жазушының шығармашылық мұрасы мен оның әдебиетке қосқан үлесі туралы жан-жақты айтылды.

Басқосуда «Былина» орыс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Андрей Кораблев Г.Бельгердің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндады.
–Бүгінгі іс-шараның Герольд Карловичке арналғанына өте қуаныштымын. Оның қазақ мәдениеті мен тіліне бай шығармаларын қайта-қайта оқуға болады. Біздің мәдениетімізге, әдебиетімізге орасан зор үлес қосты, — деді А.Кораблев.
«Видергебурт» неміс этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Олег Шмаль Герольд Карловичті қазақ тілін жетік меңгерген және қазақ ауылының, қоныс аударушылардың, өзінің балалық шағы туралы тамаша әдеби шығармалар жазған көрнекті жазушы ретінде сипат­тады.
Іс-шара барысында қатысушылар Герольд Бельгердің әдеби шығармашылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, оның еңбектерін жоғары бағалады. Жазушының туындылары қазақ және орыс әдебиетінің дамуына зор үлес қосқаны айтылып, рухани мұрасының халық жадында сақталатыны ерекше атап өтілді.
Айта кету керек, жиын Атырау облысы Қазақ­стан халқы ассамблеясының «Қоғамдық келісім» КММ, «Былина» орыс және «Видергебурт» неміс этно-мәдени бірлестіктерінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА,
Атырау облысы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір