«Жазылушы күніне» арналған мерекелік іс-шара
28.10.2025
95
0

Алматыда «Қазпошта» АҚ Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы мерзімді баспасөз басылымдарына жазылу науқанының басталуы және «Жазылушы күніне» арналған мерекелік іс-шара өтті.

Шарада республикалық басылымдардың өкілдері өз басылымдарының көрме стендтерін орнатып, жарнамалық материалдарын таратып, мерзімді басылымдарға бөлшек сауда арқылы жазылуды ұйымдастыруға мүмкіндік алды.
«Белгілі қаламгерлер мен журналистердің қолынан шыққан басылымдар қашан да білім мен ақпараттың таптырмас қайнар көзі болған. Қазпошта үшін мерзімді баспасөзді тарату – маңызды әлеуметтік миссия. Үлкен қала болсын, шалғай ауыл болсын, – бізге әрбір жазылушы қымбат», – деп атап өтті «Қазпошта» АҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Бексұлтан Ағаділов.
Шара барысында «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз», «Жалын», «Простор» журналдарының өкілдері Алматы қаласының оқырмандарын аталған газет-журналдарға белсенді жазылуға шақырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір