Егемен елдің еңселі күні

ҚР Ұлттық кітапханасында осындай тақырыпта өткен салтанатты шара барысында бірқатар кітапхана қызметкерлері марапатталды.
25 қазан – Республика күні қарсаңында бірқатар азамат Мәдениет және ақпарат министрлігінің марапатына ие болды.
Сала мамандарына «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Қалибекұлы табыстады.
Шарада Алматы қаласы орталықтандырылған кітапхана жүйесі И. А. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының қызметкері Гүлназ Құдыспекова және ақын Гүлнұр Зұлқаршын «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Қазақстан Жазушылар одағы сатира кеңесінің хатшысы, сатирик Үміт Зұлхарова Құрмет грамотасымен марапатталды.