ЕЛТАҢБА – ЕЛДІҢ РУХЫ
26.04.2024
611
0

2024 жылдың наурыз айында Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елтаңба дизайнының жуырда өзгеретіні және жаңа дизайнның байқау арқылы таңдалатыны жайлы мәлімдеген еді. Біз аға ұрпақ өкілдері, 1992 жылдың 4 маусымында еліміздің басты нышандарының бірі – Елтаңбаның қалай қабылданғанын жақсы білеміз десек, ақиқаттан алыс кете қоймаймыз.
Қазақстан азаматы ретінде мемлекеттік рәміздерімізге бей-жай қарай алмағандықтан осыған қатысты өз ойымызды білдірудің еш айыбы бола қоймас. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан пікірлерге құлақ түретін болсақ, өзгертуді жақтайтындар Елтаңбадағы бейнелер тарихқа қатысы жоқ мифтік бейнелерден алынған дегенді алға тартады. Сол сияқты Елтаңбада далалық геральдика жетіспейтінін, мемлекеттің принциптері көрініс табуы қажетін, қазақ мемлекеттігінің бастауы болған Алтын ордамен сабақтастықты көрсету керегін алға тартады. Ұлы далада ежелден ұлы империялар болғанын білдіретін Герб болуы керек дейді. Президент айтқандай, «Елтаңба тек аймақтық ерекшеліктерді ғана емес, ел иммиджін бейнелейтін басты элементтерді табиғи түрде біріктіру керек» болса, алдағы уақытта ұлттық, тарихи, танымдық ерекшеліктеріміз де ескерілуі тиіс шығар. Қалай десек те қазақ мемлекеті болашаққа үлкен үмітпен қарап, мәңгі ел болуды мақсат тұтып отыр. Елдің елтаңбаға, ұлттық рәміздерге деген құрметі де – ерекше. Өйткені елтаңбада елдің рухы бар.

Болат СОЛТАН

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір