«Қазіргі замандағы әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны»

«Қазіргі замандағы әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны» — №6 кітапханада өткен дөңгелек үстел бізге нені ұқтырды…?!
2025 жылғы 10 қазанда біздің №6 кітапханада «Қазіргі замандағы әлемдік тарихи процестегі Қазақстанның орны» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушы — «Қазақ әлемі» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Байтақ» жасылдар партиясы болды. Жиын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы Жолдауындағы — «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» көріністерін жергілікті деңгейде талқылау мақсатында өткізілді. Ұйымдастырушылар мен жиын қатысушылары кітапхана залын азаматтық, ғылыми және қоғамдық пікір алмасу алаңына айналдырды.

Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауы — «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» — еліміздің дамуы үшін цифрландыру мен жасанды интеллектіні жүйелі енгізуді, мемлекеттік басқаруда, білім мен экономиканы жаңғыртуда жаңа тәсілдер қабылдауды айқындады. Жолдаудың мәні — цифрлық трансформацияны жаппай және нәтижелі жүзеге асыру, азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау және ел экономикасын дамытуды жеделдету қажеттігі туралы еді.
Сонымен қатар, Президент тапсырмасымен 2025 жылғы қыркүйек айында ЖИ және цифрлық дамуды үйлестіруге арналған жаңа ведомствоның құрылуы туралы бастама көтерілді — бұл қадам елде жасанды интеллектіні үйлесімді, қауіпсіз және қоғам мүддесіне сай енгізуді қамтамасыз етуді көздейді. Осы жаңалықтар жергілікті қоғамдастық талқылауларына нақты тақырыптар беріп, кітапхана секілді жергілікті алаңдардың маңыздылығын арттырды.

Жиын барысында өз ой пікірін ортаға салып, келелі сөз сөйлеген спикерлеріміз, дөңгелек үстелдің тізгінін ұстаушы Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы — «Қазақ әлемі» РҚБ президенті, Досмұхамед Нұрахметұлы — «Түркі» академиясының вице-президенті, философия ғылымының докторы, Әбдірашит Бәкірұлы — философ-публицист, Ұлықбек Нағашыбекұлы — «Байтақ» жасылдар партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасы, Берік Ағыбаев — «Байтақ» жасылдар партиясының Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы, Есимбеков Бақыт Оразайқызы — психолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Қадырбекова Балнұр Асқарқызы — №6 кітапхана меңгерушісі.
Бұл дөңгелек үстел — мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық идеяларды жергілікті қоғамға түсіндіру мен іске асырудың шынайы мысалы бола білді. Осындай кездесулердің тиімді болуын арттыру үшін келесі практикалық ұсыныстар жасалды:
1. Кітапхана негізінде цифрлық сауаттылық орталығы ашу: жергілікті тұрғындар мен жастарға арналған қысқа. Бұл ұсыныс «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының мақсатына тікелей сәйкес келеді.
2. Жасанды интеллект бойынша семинарлар: университеттер мен IT-хабтар арқылы практикалық сабақтар өткізу. Бұл стартаптар мен зерттеулер арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді.
3. Патриоттық және тілдік тәрбие бағдарламаларын жүргізу: кітап көрмелері, шығармашылық сайыстар, ұлт тарихы жайлы лекциялар — бәрі жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастырады. Мемлекеттік жастар саясатындағы көзқарастар осы бағытты қолдайды.
4. Талқылауларды жүйелендіру және нәтижелерін есепке алу: әр кездесудің қорытындысын нақты ұсыныстарға айналдырып, жергілікті әкімдік пен білім мекемелерімен бірлесіп іске асыру.
Сондай-ақ спикерлеріміз Досмұхамед Нұрахметұлы — мемлекеттік қызметте болған кездегі тарихи оқиғалар мен 1990 жылдардағы ел болашағы туралы ойларды ортаға салды оның ғылыми-қағаздық және әкімшілік тәжірибесі дөңгелек үстелге қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Ал Әбдірашит Бәкірұлы ұлттық болмыс, тіл және мәдени құндылықтар жайлы публицистикалық ойларымен бөлісті — ұлттық сана мен патриотизмнің қалыптасуын, білім мен тілдің маңызын атап өтті бұл қатысушылар арасында қызу талқыланып, жоғары бағаланды.
Келесі сөзді Ұлықбек Нағашыбекұлы мен Берік Ағыбаев алып партияның ішкі жұмысы, «Байтақ» жасылдар партиясының аймақтық тәжірибесі және қоғамдық-саяси алаңда қандай роль атқаратыны жөнінде ой қозғады, жасалып жатқан істерімен спикерлердің тұжырымды ойлары қағілез қауымның санасын серпілтіп, тың идеялардың пайда болуына ықпал етті.
Осы орайда сөзді Есимбеков Бақыт Оразайқызы жалғады ол — патриотизмнің психологиялық жағын, отанға деген сезімнің тәрбиелік негіздерін айтты: отанды сүю — тек сөз емес, күнделікті іс-әрекет пен тәрбие арқылы қалыптасатын қасиет деген тұжырымын айшықтап, дәлелдеп берді.
Ал №6 кітапханамыздың меңгерушісі Қадырбекова Балнұр Асқарқызы біздің кітапхананың осындай келелі кездесулер үшін үйреншікті алаңға айналғанына қуана отырып, жастар мен балаларды ұлттық құндылықтарға, тіл мен мәдениетке тартуда кітапхананың үлесі өте зор екендігін бас айтты, сонымен қатар осындай мәдени ошақтарымызды мүмкіндігінше дәріптеуге ат салысқан дөнгелек үстел қатысушыларына ерекше алғыс білдірді.
Сөз соңында Абаған Мұхтархан Мамырбекұлы мұндай дөңгелек үстелдер тұрақты өткізілуі тиіс екенін, жергілікті ұйымдардың мемлекеттік бастамаларды түсіндіру және жүзеге асырудағы рөлін жоғары бағалап кітапхана қызметкерлерімен дөңгелек үстелге қатысушыларға мәртебелі түрде алғыс айтып, қортындылады.
Жалпы №6 кітапханада өткен дөңгелек үстел — ұлттық деңгейдегі Жолдау, цифрландыру, жасанды интеллект, ұлттық болмыс сияқты стратегиялық мәселелерді жергілікті қоғаммен байланыстыра талдаудың үлгісі болды. Мұндай жиындар — елдіктің идеясын, цифрлық болашаққа дайындықты және ұлттық мәдениетімізді сақтау арасындағы маңызды көпір.
Ел ағаларының қолдауымен мемлекет пен жергілікті ұйымдардың серіктестігі арқылы пайда болған осындай бастамалар үлгіге айналып, кешегіміз бен бүгінімізді саралауға, ойлы пікір мен нақты әрекетке бастар ізгі іс ретінде мен сияқты жастарды ойландырып, елдің болашағына бейжай қарамай, белсенді азамат болуға, ұлттық құндылықтарды ұлықтап, қоғам игілігі үшін нақты әрекет жасауға жетелейді.
Молдаханов Ерасыл Бегалыұлы
№6 кітапхана қызметкері
ПІКІРЛЕР1