Қазақстанның үздік студенті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының 2 курс 211 топ студенті Жеңіс Қарақат белсенділік танытты.

Бұл байқауға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика» кафедрасының аға оқытушысы С.Ш. Даубасованың жетекшілігімен Халықаралық студенттер қауымдастығы (Қазақстан, Астана) ұйымдастырған «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы мен заңды тұлғалар қауымдастығы қолдауымен іске қосылған халықаралық «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының үздік студенті» жобасы аясында өткізілді.
Жобаның нәтижелері 2024 жылғы 23 қарашада Астана қаласында өткен «Жастар және ғылым: тәуелсіздіктің жаңа трендтері» атты ІХ халықаралық конференцияда жарияланды. Жобаға қатысу нәтижелері бойынша Жеңіс Қарақат Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы студенттерінің «ТМД-ның үздік студенті-2024» VII кітап жинағына енгізіліп, «Үздік студент» арнайы белгісімен (медалімен) марапатталды. Сонымен қатар, ол еңбегі туралы куәлік пен бірінші дәрежелі диплом алды.

Топ жетекшісі С.Ш. Даубасова кезекті тәлімгерлік сағатта сөз сөйлеп, Жеңіс Қарақат Мэлсқызының жетістіктерін атап өтіп, өзінің мақтанышын білдірді. Ол өз сөзінде: «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүрген студенттердің басты мақсаты – елімізді әлемге таныту.

Жеңіс Қарақат – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің мақтанышы. Сізді осы лайықты марапатпен шын жүректен құттықтаймыз және алға қойған мақсаттарыңыз бен армандарыңызға жету жолында табыстар тілейміз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Заң факультетінің
2 курс 211 топ эдвайзері С.Ш. Даубасова