ЖАЗУШЫ БЕДЕЛІНІҢ ТҮСУІНЕ ЖАЗУШЫ КІНӘЛІ
03.06.2016
1201
0

742058_845807526___________1__1_Алмат ИСӘДІЛ,
ақын

Қадірлі қаламгер бауырлар! Қашан да Одақтың мінбесінен сөйлеу оңай емес. Әдеби кештерде күркіреп өлең оқыған бөлек, әдеби жиында сөз сөйлеу бөлек нәрсе. Бір қынжылтатыны, біз де жас ақынбыз ғой. Дегенмен, біздің жасымыз қырықты алқымдап қалды. Бүгінгі жиында менің бірде-бір замандас, өзіммен қаламдас бауырларымның болмағаны үшін ұялып отырмын. Бұл жаман нәрсе, «сыртын көріп іс бітпес, ішін білмей» деген сөзі бар Абайдың. Біз сырттай тас лақтырып, осы Одаққа қатысты бір үлкен мәселе болған кезде сырттан сөз айтуға құмармыз үлкеніміз бар, кішіміз бар. Әдетте, үлкен қаламгерлеріміз көп келе бермейді. Қайта  бүгін үлкен қаламгерлеріміздің қарасы біраз отыр, менің қаламдастарым жоқ. Менің алдымда Маралтайдың замандастарынан жалғыз Бекжан Әшірбаев отыр. Бізден кейінгілер мүлде жоқ.  Сонда бізден кейінгілер тек қана интернетте, әлеуметтік желілерде ғана қалып қойды ма деп ойлаймын. Әрине, ғаламтор деген жақсы. Сонда бәрі батыр, сонда бәрі пікір айтады. Сондай жастар әлеуметтік желілерде сырттай көзсіз батыр болып отырғанша, осындай жиынға келіп, тыңдап көрсе. Жыл қорытындысы деген әдебиетті саралайтын кезең болғандықтан жас болып ақыл айтты демеңіздер. Өзіміздің бір ауызбіршілігіміз, өзіміздің бір ыңғайымыз болмағаннан кейін жазушыларға, ақындарға деген көп сын айтылады. Жазушының беделі түсіп кетті дейміз, соны түсіретін өзіміз сияқты. Эстрада да Тоқтар Серіков, Ернар Айдар, Төреғали Төреәліні ақын деп таниды жұрттар. Оған өзіміз кінәлі.

Жастар туралы үлкен сөздер әлі де айтылмай жатқан сияқты. Себебі, біздің алдымыздағы ағалардың шығармалары әлі де толық таныла алмай жатыр. Қаншама ақсақалдардың том-том кітаптары талдауға жарымай жатқаннан кейін жастардың әдебиетіне де назар аударылмайды. Әркім өз басын күйттеп кетті. Нарықтық заманда бұл да дұрыс шығар. Мемлекетке масыл болып отыратын заман емес. Жазушылар одағының кепілдеме беруінің себебімен қаншама жастардың кітабы жарық көріп жатыр. Осыған да шүкір. Қанша баспа ақын-жазушылардың кітабымен күн көріп отыр. Қаламақы бермесе де, баспалар кітап берсе, тым болмаса қаламдастарға таратуға жетер еді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір