Өнер ұжымына шағын автобус
30.05.2025
39
0

Арқалық жасөспірімдер театрына шағын автобусты еліміздің автокөлік нарығындағы жетекші компания «Астана Моторс» тарту етті. Компанияның негізін қалаушы – белгілі кәсіпкер Нұрлан Смағұлов.
Бұл игілікті іске ҚР Мәдениет министрі қызметін атқарған, «Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» Дүйсен Қасейінов пен белгілі меценат Сапар Ысқақұлы себепкер болған.
Темір тұлпарды табыстау салтанатына қатысқан Дүйсен Қорабайұлы мен Сапар Ысқақұлына және «Астана Моторс» компаниясының өкіліне ел атынан құрмет көрсетіліп, Қостанай облысы әкімінің, Арқалық қаласы әкімінің «Алғысхаттары» табыс етілді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір