Мәдениет — өнер мәйегі
24.05.2024
344
0

2013 жылы Елбасы Жарлығына сәйкес 21 мамыр Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні деп бекітілген болатын. Содан бері Қазақстанның барша өнер, мәдениет қызметкерлері кәсіби мерекесін дәл осы күні атап өтеді. Осы күні мәдениет және өнер саласының қызметкерлеріне жылы лебіздер мен алғыстар айтылады. Өйткені рухани байлықты дамытуда және мәдени дәстүрлердің дамуы мен сақталуы ісіне қосқан мәдениет саласы қызметкерлерінің үлесі орасан зор.

Міне осы күнге орай, Наурызбай аудандық Отбасылық оқу кітапханасы «Мәдениет — өнер мәйегі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Бұл кешке актер, сықақшы Бауыржан Орда; Жазушы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мейіржан Жылқыбай; Архитектор, бірнеше сәулет өнерінің авторы, поэзияға жаны құмар жас қаламгер Гүлім Әскербек; Наурызбай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ескендирова Фариза Ыдырысқызы; П.Чайковский атындағы музыкалық колледждің тәлімгерлері; және ауданымыздағы мектептердің оқушылары мен ұстаздары қатысты.
Мерекелік шараны Наурызбай аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ескедирова Фариза Ыдырысқызы ашып беріп, кеш қонақтары мен кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, мемлекетіміздің мәдени – рухани өркендеуіне айрықша үлес қосып, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, елді бірлік пен ынтымаққа шақыру жолында атқарып жатқан еңбектерін ескере келе кітапхана қызметкерлерін Наурызбай ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Сатирик Бауыржан Орда: «Мәдениет және өнер қызметкерлерінің еңбектері қашанда халықтың көз алдында ғой. Әсіресе бүкіл ел болып мереке күндері, атаулы даталарда халық жұмыстан демалыс алып, тынығып жатқанда, өнер және мәдениет қызметкерлері адамдарға мерекелік және көтеріңкі көңіл – күй сыйлау үшін барын салып жатады. Айналасын думанға бөлейді. Біздер үшін мерекелік күндер – дағдылы жұмыс күндерінен екі есе жауапты десек те болады…
Бүгін – Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осы сәтті пайдалана отырып, өздеріңізді және барша әріптестерімді кәсіби мерекемен құттықтаймын», деп құттықтау сөзін білдіріп, тақырып аясында өз ойымен бөлісті. Шығармаларынан үзінділер оқып, көрермендерге мерекелік көңіл — күй сыйлады.
Қаламгер Мейіржан Жылқыбай, Гүлім Әскербек те шығармаларынан үзінділер оқып, оқырмандар қойған сұрақтарға жауап берді.
Шара соңында кітапхана меңгерушісі кеш қонақтары мен өнер көрсеткен өнерпаздарға ризашылдығын білдіріп, Алматы кітапханаларының басшысы Мейрам Еркенұлы Бектембаевтың Алғыс хатымен марапаттады.
Мәдениет – ең алдымен жәдігер қазына. Оны ұрпақтан ұрпаққа тұтас күйінде жеткізуші зиялы қауым өкілдері. Себебі әр халықтың дүниетанымы, рухани байлығы, тыныс – тіршілігі, салт – дәстүрі дәл осы мәдениет деген асыл ұғыммен астасып жатыр. Қай елдің мәдениеті мықты болса, сол елдің еңсесі биік, рухы жоғары болады. Бізде отандық мәдениет пен өнердің дамуына, рухани байлығымыздың еселене түсуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген барша әріптестерімізді бүгінге кәсіби мерекемен құттықтаймыз.

Кітапхана қызметкері: Бекбосын Дана

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір