САУАТТЫ СӨЙЛЕУ – ӨНЕР
Журналист Оңғар Құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабы жарық көрді. Қалың кітапта автордың 2002–2011 жылдар аралығында Қазақ радиосының эфирінен берілген «Біз қалай сөйлейміз?» және «Тіл мәдениеті» бағдарламаларында көтерілген өзекті тақырыптар жинақталған
Осы жинаққа енген аудиохабарлардың мәтіндік нұсқасында тіл тазалығы, дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу, терминдер мен ұғымдардың аудармасы туралы сөз болады. Сондай-ақ сөз тіркестерін орнымен қолдану, күнделікті айтып жүрген сөздеріміздің дұрысы қайсы, бұрысы қайсы, міне, осы жайлар және туған тілімізге қатысты өзге де көкейкесті мәселелер кітаптың өн бойында түрлі авторлардың пікірлерімен талданып, тұшымды ойларымен дәйектеледі.
Журналист Оңғар Құралдың «Біз қалай сөйлейміз?» атты кітабы тіл тағдырына бей-жай қарамайтын, ана тілін ардақ тұтатын және сауатты сөйлеуге ұмтылып, өз тілін түзегісі келетін жалпы оқырман қауымға арналған.