Жазушы жайлы еңбектер жарық көрді
13.05.2025
41
0

24 сәуірде Алматы қаласындағы Ұлт­тық кітапханада ақын, жазушы, Шешенстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Парасат орденінің иегері Рафаэль Ниязбектің «Библиографиялық көрсеткіші», «Рафаэль әлемі» мен жары, Қазақ радиосының ардагері ГүлжанМұхамадиеваның «Табыс сыры» ат­ты естелік (мемуар) кітабының таныстырылымы өт­ті.
«Рафаэль Ниязбек» деп аталатын библиографиялық көрсеткіш екі бөлімнен тұрады. Ұлт­тық кітапхананың бастамасымен жарық көрген еңбекте ақынның мақалалары мен жазбалары жинақталған. Ал қалған екі кітап жазушының жары Гүлжан Мұхамадиеваның ұйытқысымен баспадан шыққан.
«Көзі тірісінде 9 томдығын қосқанда 56 кітап шығарып, халыққа құнды дүниесін беріп кет­ті. Қазақтың нағыз ұлы, үлгілі ұрпағының бірі болды. Өйткені елі, жері үшін ғана өмір сүрді», – деді Р. Ниязбектің жұбайы Гүлжан Мұхамадиева.
Белгілі жазушы, ғалым Қансейіт Әбдезұлы жүргізген тұсаукесер жиынында ғалым Гүлжаһан Орда баяндамасын оқып, өзге де зиялы қауым өкілдері жазушы мен жарық көрген кітаптар жайлы ойларын ортаға салды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір