Менің тағдырымдағы адамдар
28.01.2025
510
0

Журналист, жазушы, Халықаралық ақпарат­тандыру академиясының академигі Бекен Нұрахмет­ов «Көңілдегі ке­йіпкер», «Қорқаулар түнде жортады» кітаптары арқылы көзі қарақты оқырманға кеңінен танымал. Кеден қызметінің полковнигі кеден ісі жөніндегі оқу құралдарының да авторы.

Жуырда «Атамұра» баспасынан сиясы кеппей оқырманға жол тартқан «Менің тағдырымдағы адамдар» ат­ты кітабы осы сөзіміздің айқын дәлелі. Кеден саласында қызмет атқара жүріп, қаламын тастамаған автордың аталмыш эсселер жинағында оқырман қауымға ой салатын, көңіл пернесін қозғайтын штрихтар өте көп. Қилы-қилы тағдыр иелері жөніндегі фактілердің бәрі нақтылы өмірден алынған. «Димаш аға – қимас аға», «Тұма суы әрдайым тұнық болады» ат­ты эсселерінде танымал мемлекет қайраткерлері Дінмұхамед Қонаев пен Кәкімжан Қазыбаевтың азамат­тық бейнелерін сомдайды. Әрбір эссе көңіл толқытарлық жеңіл стильмен жазылады. Сонысымен де боямасыз өмір сурет­тері көз алдыңыздан өтіп жатады әрі кітап жеңіл оқылады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір