КҮЛӘШ ЖАЙЛЫ КІТАП
Әдебиет әлемінен хабары мол жұртшылық ақынның шығармашылығымен қатар, оның өмір жолына да қызығады. Өйткені, авторға әсер еткен жайттар міндетті түрде оның шығармаларынан орын алатыны, қаламгердің әр жазбасы өміріндегі оқиғалар мен қоғамдық көзқарасынан тыс болмайтыны белгілі. Қазақ әдебиетіндегі қаламгерлердің өмірі жайлы шығармалар жазу үрдісі ұрпақтан-ұрпаққа өз жолымен әдемі жалғасын тауып жүр. Осындай жақсы үрдістің бір көрінісін белгілі журналист Назира Байырбектің жуырда жарық көрген «Күләш Ахметова» атты кітабынан байқадық. Кітапта ақын, Мемлекттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың өмір жолы мен шығармашылығының қалыптасу кезеңі көркем түрде баяндалады. Шағын әңгімелер арқылы ақынның балалық шағынан бастап, есімі елге белгілі болған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын кітап әдебиетсүйер қауымды бей-жай қалдырмасы анық.