Қазақстан Жазу­шы­лар одағының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтаймын
24.12.2024
503
0

Қазақстан
Жазушылар одағының
90 жылдығына
арналған салтанатты
жиынға қатысушыларға

Қадірлі қауым!
Сіздерді Қазақстан Жазу­шы­лар одағының құрылғанына 90 жыл толуымен құттықтаймын!
Жазушылар одағы – рухания­тымыздың алтын діңгегі. Бұл ұйым қаламгердің кәсіби қауымдастығы ретінде төл әдебиетіміз бен мәдениетімізді өркендетуге және оны әлемге танытуға зор ықпал етіп келеді. Сөз өнерінің қара шаңырағын ұлттық бірегейлігіміздің берік тұғыры деуге болады. Ақын-жазушыларымыз ұлтты ұйыстыру жолында қалтқысыз қызмет етіп жүр. Аға буын негізін қалаған осы ұлағат­ты дәстүр үздіксіз жалғасып ке­леді.
Әдебиет – ойымыздың тереңдігі мен рухымыздың асқақ­тығын айғақтайтын ұлы қазына. Оны заман талабына сай дамыту – қаламгер қауымның ғана емес, мемлекетіміздің алдында тұрған маңызды міндеттің бірі.
Қазір біз ұлттың жаңа сапасын қалыптастырып жатырмыз. Озық ойлы ұрпақ тәрбиелеу ісінде зиялы қауым айрықша рөл атқаруы керек.
Осы жауапкершілікті терең сезініп, адамгершілік құндылықтарды кеңінен дәріптеп жүрген барша қаламгерлерге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге бақ-береке, толайым табыс тілеймін!
Халқымыздың рухын көтеріп, танымын ұлғайтатын туындылары­ңыз көп болсын!

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір