ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ
Қазақстан Жазушылар одағын, Одақ ұжымын 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! Атаулы дата қарсаңында осынау әдеби ошақтың талантты ақын-жазушылардың басын қосып, ұжымдастыруда маңызы зор екенін ерекше айтқым келеді.
Қазақ қаламгерлерінің, Қазақстан Жазушылар одағының қайраткерлік еңбегінің нәтижесінде қазақ тілінің тамыры тереңге жайылып, дамудың жаңа сатысына биіктеп келеді. Қазақтың ұлттық болмысы қазақ қаламгерлерінің арқасында берік сақталып, жаңа онжылдықтарға, жаңа мыңжылдықтарға еркін қадам басуда.
Өзінің ғасырға жуық тарихында Қазақстан Жазушылар одағы түрлі кезеңді өткерді, сандаған ғажап қаламгерлерді қалыптастырды. Ал бүгінде қазақтың белгілі жазушысы, журналист, қоғам қайраткері Мереке Әбдешұлы Жазушылар одағының төрағасы ретінде ұлылар жолын үйлесімді жалғастырып келеді.
Қазақ қаламгерлерін, әріптестерімді, қадірлі достарымды өз атымнан және Әзербайжан Жазушылар одағының атынан мерейтойларымен құттықтаймын! Барлығыңызға шығармашылық табыс тілеймін!
Анар
Әзербайжан
Жазушылар одағының төрағасы