Әзиз достар, құрметті әріптестер, қадірлі қаламгерлер!
Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұрыннан қандас, туысқан, жолдас, тілі мен діні бір қазақ бауырларымызбен біздің тарихымыз, мәдениетіміз, салт-дәстүріміз де бір. Өзбекстан халық ақыны Абдолла Ариповтың «Қазақстан» деген өлеңінде туысқандық тұғыры өте әдемі сипатталған:
Тынық толқындары бар бұрыннан
көңілде,
Асау Балқаштың суы да бірақ,
Қазақ халқының тұрпаты дүниеде,
Барлық толқындардан өте
тұнығырақ.
Танымал қазақ ақыны Тайыр Жароков «Дутар мен Домбыра» өлеңінде екі халық достығын былай жырлайды:
Өзге емес, өз елімсің, Өзбекстан,
Көріндің көзге көркем сен алыстан.
Көзіңде нұр жанғанда жанға жақын,
Ақындар жетіп барып, дара құшқан.
Астана қаласында өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науайға,Ташкентте ұлы қазақ ақыны Абайға ескерткіштер орнатылғаны – екі халық арасындағы достықтың айқын айғағы.
Абай көшесі еліміздің қақ ортасында Әлішер Науай көшесімен қиылысып жатыр. Осының өзі қос халықтың бірге екенін, бауырлас халық екенін көрсетіп тұрғандай.
Екі халық әдебиетінің егіздігі бұрыннан да белгілі. Мұхтар Әуезов пен Айбек, Ғафур Ғұлам мен Сәбит Мұқанов, Әбділда Тәжібаев пен Міртемір, Абдулла Арипов пен Олжас Сүлейменов әдебиет майданында бір-біріне тілектес, үзеңгілес дос болды.
Әлем әдебиеті қазынасына өз үлестерін қосқан Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Мұхтар Әуезов, Мұқағали Мақатаев, Хамит Ерғалиев,Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Сәбит Мұқанов, Сәбит Досанов, Олжас Сүлейменов,
Есенғали Раушанов тағы басқа атақты қазақ қаламгерлерлері жазған шығармалар ел ішінде үлкен қызығушылықпен оқылады. Осы белгілі жазушылардың туындылары түркі дүниесінде де қадірлі болар.
Жаңа заманда Өзбекстан Республикасының Президенті Шавқат Мирзиеев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатының арқасында өзара қамқорлық биік дәрежеге жетті.
2018 жылы Өзбекстан мен Қазақстан Жазушылар одақтары арасында өзара әдеби байланыс туралы меморандумға қол қойылған болатын.
2022 жылы өзбек тілінде «Түркі әдебиетінің таңдамалы шығармаларының» 100 томдығы шығарылып, оның 10 томы қазақ әдебиетіне арналды,150-ден астам қазақ жазушыларының шығармалары өзбек оқырманына жол тартты.
Мемлекеттеріміз арасында ілгері дамыған әдеби достығымыз күн сайын өркендеп келеді.Ташкентте, Самарқандта, Астанада және Алматыда өтіп жатқан әдеби шараларда өзбек-қазақ қаламгерлері еркін араласуда.Әсіресе қазақ жас ақындары мен өзбек жас ақындарының қос тілде «100 өлең» деген кітаптары жарық көрді. Екі туысқан әдебиетте атқарылып жатқан осы шаралар өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз.
Құрметті әріптестер, бүгінгі 90 жылдық мерейтоймен тағы да бір мәрте құттықтаймын! Баршаларыңызға амандық-саулық, істеріңізге береке, зор жетістіктер тілеймін!
Сирожаддин Сайд
Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы