Қымбатты біздің қазақ достарымыз, әріптестер!
Сіздерді Чуваш Республикасы Жазушылар одағының атынан Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл – тек Қазақ халқы мен әдебиетшілері үшін ғана емес, сонымен бірге біз, чуваш және бүкіл түркі халықтары үшін де маңызды оқиға.
Қазақ елі әдебиетшілерінің шығармашылық табыстары – адамзат мәдениетіне қосылған мол қазына, әлем халқының ортақ игілігі деп білеміз.
Сіздерге шығармашылық жолында өрісті өркендеу және денсаулық тілеймін.
Мерейтойларыңызға арнап ақын қызымыз Любовь Петрованың жыр жолдарын жолдап отырмыз.
М.Н.ЮХМА,
Чуваш Республикасы Жазушылар одағы
басқармасының төрағасы
БІЗДІҢ ОРТАҚ ҮЙІМІЗ
Мен Қазақстан Жазушылар одағында 1982 жылдан 2018 жылға дейін қызмет атқардым. Алдымен, Қазақстан Жазушылар одығының хатшысы болдым, кейіннен бірнеше жыл Ұйғыр әдебиеті кеңесін басқардым. Тілі де, діні де бір қазақ-ұйғыр халықтарының көпжылдық достығының куәсі болдым.
Бұл жазушылар арасында да анық байқалатын. Мәселен, ұйғыр қаламгері Қадыр Асанов атақты Жамбыл ақынның жанында жүріп тәлімін алды. Ал Хизмет Абдуллин деген жазушымыз Қуандық Шаңғытбаевпен етене араласты, Оспанхан Әубәкіров, Нұтфолла Шәкенов, Қадыр Мырза Әлі, Қабдеш Жұмаділов, Бекен Әбдіразақов сияқты ақын-жазушылармен көрші тұрды.
Мен өзім де қазақ қаламгерлерінің көпшілігімен дос болдым, шапағатын көрдім. Әзілхан Нұршайықов, Қалихан Ысқақ сияқты қаламдастарым менің шығармашылығым туралы оң пікір, жылы лебіз білдіргенін ұмытпаймын. Кейінгі жылдары «Идиқут», «Жалғыз жалбыз», «Тататума», «Ұйғыр-Орхон қағанаты» сияқты жаңа кітаптарым жарық көрді. Бірнеше пьесам театр төрінде сахналанды.
Ортақ үйіміз – Қазақстан Жазушылар одағының торқалы тойы құтты болсын!
Ахметжан АШИРИ,
Қазақстанның Халық жазушысы
ҚАНЫМЫЗБЕН ДЕ, ЖАНЫМЫЗБЕН ДЕ ТУЫСПЫЗ, ӘДЕБИЕТІМІЗ ДЕ – ОРТАҚ
Құрметті қазақ қаламдастар, қадірлі Қазақстан Жазушылар одағының ұжымы!
Сіздерді Татарстан Жазушылар одағы мен өзімнің атымнан мерейтойлық даталарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Біздің шығармашылық байланысымыз қандай тығыз болса, Қазақстан мен Татарстан арасындағы достық пен кәсіби қарым-қатынас та ежелден берік орнаған. Қос мемлекет бірлесіп көптеген әдеби шараларды жүзеге асырып келеді. Аударма саласы да қарқынды дамуда. Біз Қазақстандағы әдеби кештерге белсене қатысамыз, қазақ еліндегі рухани жиындарды жақсы көреміз және қазақ қаламгерлерін өз елімізде қуана қарсы аламыз. Осындай игі үрдіс алдағы уақытта да жалғасын таба беретініне сенімім мол, екі елдің арасындағы көркем аударма саласы да өрісін кеңейте түсетіні анық.
Біз – қанымызбен де, жанымызбен де бір туған ағайынды ұлтпыз, жүрегіміздің қылы әрдайым бірге жырлайды. Бұл бірлігіміз – біздің ортақ тарихымыз бен бүгінгі бауырлас әдебиетіміздің заңды нышаны.
Қазақстан Жазушылар одағының ғасырға жуық мерейтойы тағы да құтты болсын! Баршаңызға мықты денсаулық, сарқылмас шабыт, жаңа серпілістер мен тың ізденістер тілеймін. Жас жазушылардың қаламына құт дарысын. Өркендеп, гүлдене беріңіздер!
Ркаил ЗАЙДУЛЛИН,
Татарстан Жазушылар одағының төрағасы,
Татарстан Республикасының Мемлекеттік
кеңесінің депутаты
ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІМЕН ДОСТЫҒЫМЫЗДЫ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ
Башқұртстан Жазушылар одағы мен өзімнің атымнан сізді және ұжымыңызды Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерейтойымен құттықтаймын!
Башқұрт, қазақ халықтарын тарихи, этникалық, тілдік, мәдени ерекшеліктердің, өмір сүру үрдісі мен салт-дәстүрлердің ұқсастығы біріктіреді. Башқұрт-қазақ әдебиетін тығыз байланыстыруда башқұрлық ақын Мифтахетдин Акмулланың өшпес ізі бар. М.Бурангулова,
М.Гафури, Д.Юлтыя, Т.Янаби, С.Кудаша, Ш.Бабича сынды башқұрт жазушыларының шығармашылығына Қазақстанда қызметте жүрген жылдары айрықша әсер етті.
Біздің мемлекетаралық қарым-қатынасымыз тығыз да берік орнаған. Алматы қаласындағы қазақ, орыс
театрларында башқұрттың халық ақыны Мұстай Кәрімнің пьесалары көптеп сахналанды. Алматы шаһарының бір көшесі Мұстай Кәрімнің есімімен аталған. Башқұрт жазушылары Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Әбділдә Тәжібаев сынды қазақтың классиктерімен, өзге де көрнекті қаламгерлерімен ежелден дос болып келе жатқандарын мақтан тұтады.
Өзім де қазақтың көзі тірі классиктерімен, жас жазушылармен достық қарым-қатынастамын. Көптеген жас дарындардың туындысын башқұрт тіліне тәржімаладым. Қазақ қаламгерлерінің туындылары башқұрт оқырмандары тарапынан үлкен сұранысқа ие. Бұл қазақ жазушыларының суреткерлігі мен шынайы дарындарының айқын дәлелі болса керек. Біз әріптестік, рухани байланысқа қашан да дайынбыз.
Бәріңізге мықты денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін!
Айгиз БАЙМУХАМБЕТОВ,
Башқұртстан Жазушылар
одағының төрағасы