Қазақстан Жазушылар одағын 90 жылдығымен құттықтаймын!
Қазақстан Жазушылар одағы қазақ халқының ой әлеміне, тарихына, мәдениеті мен өнеріне, сондай-ақ түркі әлемі әдебиетіне үлкен үлес қосып келеді.
Көркем сөзге бай әрі озық дәстүрге ие қазақ әдебиеті қазақ халқының ұлттық рухын сақтап, келешекке жеткізуді басты мақсат етіп, өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстыратын жоғары деңгейдегі әдеби шығармалар ұсынды. Айтулы әдебиетшілер мен жазушылар театр, эссе, драма, сұхбат, әңгіме, роман және поэзия жанрлары арқылы әдебиет қорын толтырып келеді.
Түркі әлемі әдебиетінің, мәдениеті мен өнерінің ортақ негізде дамуы үшін атқарылатын жұмыстарда біздің еліміздегі Жазушылар одағына маңызды міндеттер жүктеледі. Түркия Жазушылар одағы ретінде ынтымақтастықты күшейтуге бағытталған кез келген іс-шараларға қолдау көрсетуге және қатысуға дайынбыз.
Әлемнің барлық жерінде әдебиет – сөз өнері, шебер сөйлеу мен әдемі жазу өнері. Жазу мен оқудың адамға пайдалы әсері бар екенін жазушылар да, оқырмандар да жиі айтып отырады. Әдебиет шекараларды бұзып, жүректерді баурап алады. Әдебиеттің осындай біріктіруші күшін Қазақстан Жазушылар одағы әрдайым пайдаланып келді және осы тәжірибесін жалғастырып отыр.
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, құрметті Мереке Құлкеновті, басқарма мүшелерін, сондай-ақ Одаққа мүше қаламгерлерді табысты еңбектерімен құттықтаймын! Қазақстан Жазушылар одағының бұдан да көп жылдар бойы жемісті қызмет етуін тілеймін!
Мұса Қазым
АРЫДЖАН
Түркия Жазушылар одағының
бас төрағасы