ЖҰМБАҚ АРУ ҚҰПИЯСЫ («Күннің Шығысына» – кітабынан)
Любовь Шашкова – Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург. Қазақтың орысша жазатын беларусь қызы. Өткен ғасырдың 80–90-жылдары Любовь ханыммен «Жазушы» баспасында қызметтес болдық: қолымыз босай қалса, ақындыққа бой ұра бастаған со кезгі баспа жастары поэзия жайлы қадари-хәлімізше пікір-алмасып, жаңа жазылған жырларымызды оқып-талқылайтынбыз. Оқи-оқи оян-сезімдеріміз – рухани оман-дарияға айналған опат-шағында, ортаға – ақ-сары жүзі алтындана-сафтанып, беларусь-бике шығатын, балауса-балғын табиғатымызға егемен падишалық жасап… «Шіркін-ай, осы нәп-нәзік наурыз-көк әйел-затының, осынау – тән-талқы, жан-алқым өлеңдерін: «шашковалық» – әз-қалпын бұзбастан, тұңғиық-тереңіне – тұншыға-бойлап, құлын-дауысы құраққа ұшқан тағдыр-тәлкегінің зіл-батпан тау салмағын – тары-қауыздап, жұлын-жүйкеге ықтиярсыз егетін түйсік-зығырын – құс-қауырсындап, туа бітті – ұлпа да ұяң періште күйінше аудара алсам-ау!..» – дейтінмін, мен – сонда өзіме-өзім, іштей армандап… Міне, құдайға шүкір, араға жарты ғасыр салып, кеңестер кезіндегі сол арманым орындалған сыңайлы, бүгін: Аса мәртебелі оқырман, назар аударалық, Любовь – Жырларына…
ИРАН-ҒАЙЫП
Любовь Шашкова
Кілтім ауыр Құлпымнам,
Құлпым жеңіл Кілтімнен:
Көкірегімде – Күн-Тұнған,
Көзім-Жасы – іркілген.
Құлып-Астымын – көнік-ті,
Ашыламын-Жабылып:
Кілт – не істесе… ерікті,
Қос-Өкпесі – қабынып…
* * *
Не, Әлемнің жарығын,
Сыйламадың сен маған.
«Қауызындай Тарының» –
Үй бағамын, Оңбаған.
Не, жүрегің шоғына,
Жарытпадың – жылытып:
Қарамай аш-тоғыма,
Бар-жоғымды ұмытып.
Айналдым – жер-жексенге,
Ой, қандай… сор-маңдаймын:
Енді, өліп кетсем де,
Саған – Әйел болмаймын.
* * *
Жан-Тәнімнің –
Өртіне,
Жүрегімнің –
Дертіне,
Наласына –
Көңілімнің қапалы:
Қыр-Астынан –
«Қарқылдап»,
Қарға –
«Жауап қатады»…
* * *
Бұл – үйге еңсем,
«бәрі» – сұқтанып қарайды,
Ішіп-жейді,
тылсымданып-талайды.
Тиіп кетсе көйлегімнің етегі,
Орындықтар
сықыр-сықыр етеді.
Бассам болды,
«шалып-жығып» – үнемі,
Иек-бетімнен түсірердей кілемі,
Шалқалатып
жығардайын диваны –
Өмір-бойғы тірнектеніп жиғаны,
Қарай-тұғын
сұрым жоқтай айнаға –
Тәрізденіп тентіреген қаймана.
Бұлтыңдаған безге
ұқсайды көздерім,
Ұмыт қылып
жәудіреген кездерін,
Мұрыным – мұрын емес,
құдды – құр-тесік:
Астына оның…
салпы-ерінім – тіркесіп.
Шашым… ойбай,
шаш еместей, «қасымның» –
жалғасындай:
«малақайы-басымның…».
…Бір ғажабы…
«Үй иесі» – жарқылдап,
қарсы алады,
күлкісімен – «қарқылдақ»…
Мау-мүшесі –
саламаттан құралған,
«құтқарушы» –
мені қайғы-мұңымнан.
Қолдарымды жылытады –
мұзданған,
Суығымды –
қайтарады сызданған.
Иіскелейді,
маңдайымнан – сүйеді,
Қау-сақалы – иегіме тиеді…
Қайнатады – кофе әкеліп береді,
Күні-бойғы талмауыты – қорегі.
Өнер жайлы,
Өлең жайлы айтады,
Айтып-айтып,
барып-барып қайтады…
…Мен – бейшара,
«соған» – разы боламын,
«Көбіктеніп» –
асып-тасып толамын.
Жасыра алмай –
«аш-нәпсімнің аранын»…
Ол, шығарып —
салғысы кеп – «қонағын»…
Мен, тұлданып –
тарс-айырылып талағым»…
Тастап – кетіп-баратқанда,
бұл – үйді:
Орындықтар –
«қыңсыланып-ұлыйды».
Тесірейген –
тулақ-тақыр-кілемі –
енді қайтып баспасымды біледі…
…Кетіп-бара…
Айнасына –
Қарамай…
Ой. Обал-ай,
Обал-ай…
* * *
Ызғарымен тыстайды,
Бір күнімді бір күнім.
Көкірегімді ыстайды,
«Тұтқындағы тірлігім».
Талағымдай қарайдым,
Оң-солыма бұрылып.
Шыққан көздей алайдым,
Тақсыретіме ұрынып.
Ұлғайғанын дертімнің –
Сездім, қайтем…
Қалп-басқан –
Махаббатымды,
Өлтірді –
Ол:
«Бір жылы сөз» –
Айтпастан…
* * *
Өлең –
Менен ерте тұрып кетеді,
Кетеді де, Балиғатына – жетеді:
Қажет емес,
Оған – кедей-байлығым,
Ал, Мен – болсам,
Бәйек – «басы-байлымын».
Төрт бөлемін –
түн-ұйқымды, «ақтабан» –
Ақауларын түзетем деп қаптаған,
Бейне «бөбек» – өбектеген Анамын,
таң нұрына
шомылдырып аламын,
ұшықтаймын
жапырағымен жалбыздың…
Келеді де
көз-шырымын алғызғым,
Жалғыз-басты
тірлігімді тұйықтап,
Кетем, сосын,
көзімді – іліп, ұйықтап…
…Жаным-Тәнім –
Жаратылыс ұясы,
Мағына-Мәнім –
«Жұмбақ Ару Құпиясы».
* * *
Сен бар жерде –
Ай-Жарық,
Жалшысымын Жалғанның:
Тынбай қаққан таң жарып –
Қанатымын Арманның.
Таусылма да тарықпа,
Күн артынан күн өткен:
Сен малынған Жарыққа –
Жарып шығам Түнектен.
Таң атуын доғарып,
Тылсымданса –
Көргенің:
Жер Бетінен –
Жоғалып,
Онда,
Менің –
Өлгенім…
* * *
(Жаратылыс жайлы)
Сенің күнің,
менің күнім емес қой,
Солтүстігіңе құймаса –
Батыс Двинам:
«Солай» –
Болса екен деп,
Жаратқан-Иеме –
Сиынам…
* * *
Құшағында ұйықтағым келеді,
Жастығымдай –
Оң қолыңның білегі:
Жылап жатсам –
Жанарымнан жас парлап,
Арман-Құсым –
Ұшып Көкке,
Аспандап.
Оң қолың ғой,
Оң қолыңның білегі –
Лүп-лүп соққан,
Жүрегімнің Жүрегі.
Жаттым ұйықтап –
Өңім бейне Түсімдей:
Басқа салған –
Тәңірінің ісіндей.
Өте шықты,
Мәңгілігім –
Қас-Қағым…
…Басым жатыр –
Сол қолында Басқаның,
Құдайым-ау,
Мен шатыса бастадым…
…Жүрегімнің Жүрегі –
Сыздамай ма,
Оң қолыңның білегі.
* * *
Өміріңді – налытпа,
Ұмыт қалған бейнемін.
Шық –
Дүние-Жарыққа,
Дөй-мінезді гөй-демім.
Шашқын –
«Қалам-Ақыңды»,
Оңыңа да Солыңа.
Ақта –
Ақын-Атыңды,
Кір жұқтырма –
«Қолыңа».
Сұлбасынадай хоштықтың –
Айтпа,
Зарық-Жайында.
Мызғымайтын Достықтың –
Құс-қанатын қайырма.
Айтағына Биліктің –
Өліп кетсең,
Иілме.
«Жазымышымен –
Бұйрықтың».
Ғұмырыңды –
Түйінде.
Адал соқсын жүрегің,
Менің сүйген –
Қалпымда.
Ахиреттік Тілегім:
Айнал –
«Адам-Алтынға».
* * *
Қарын-Майды –
Шірітеді,
Құмалақ:
Айтып өтем –
Күрсінісіңді-Күңірен.
Жатушы –
Едік,
«Жексенбілеп-Жұмалап»:
Айқаласып –
Күні менен Түнімен.
Мұндармыз –
Біз,
Жылаулымыз –
Сұраулы,
Қандай –
«Құдай-Атқанбыз:
Қақаған қыста –
Қыраулы,
Қымтанусыз –
Жатқанбыз…
Қайыршыдан –
Несі кем:
Күні құрсын –
Байсыз Әйел-Затының:
«Ұстап» –
Алса,
Танып-Құлап –
Есінен,
Шалқасынан –
Түсер еді,
Қатынның…
* * *
Айтпа –
Маған,
«Жақында –
Ажырасу Хақында»:
«Өліп-Өшкен» –
Кімің бар,
Махаббатымды –
Мақұлда.
Айтпа –
Маған,
Жарың-Байым –
Жайында:
Қажет емес –
«Оларың».
Менің және
Мендейлердің –
Мойында:
Құрбандығың –
Боларын.
* * *
Өзің жайлы –
Жаман ойлай алмаймын,
Жақсы ойымнан –
Айныман:
Сенуімнен –
Жалықпаймын-танбаймын,
Арыламын –
Қайғыдан.
Рас,
Кейде –
Дегбірсізбін-дел-салмын,
Қатты болам –
Берішіндей қайыңның:
Керегі не –
Бостан-босқа шаршаудың,
Қажеті не –
Сарсаң сары-уайымның.
Мысалы,
«Сен –
Сақалыңды салалап,
Шөп шабуға –
Кетіп бара жатырсың:
Қыр мен Ойды –
Кешке шейін аралап,
Шалғын таппай –
Шаршап қайтқан Батырсың».
«Қызыл-Кеңірдектеніп» –
Сонша,
Немене:
«Оның» –
Несін,
Сөз қыламыз,
Тәйірі.
Хақ-Тағала –
Тұрған жоқ па,
«Төбеде»:
Әр-Нәрсенің –
Болады,
«Бір –
Қайыры».
* * *
Жалғыздықты –
Қаламаймын,
Қапылам:
«Сұңқар» –
Ұшып келсе деймін,
Аулама.
«Тұлпар» –
Шауып енер болса,
«Оқыран»:
«Бұл –
Менікі» –
Деп,
Даурықпа –
Даудама.
Тербетемін,
Уақыттың –
Бесігін:
Мен –
Бақытсыз,
Бола алмаймын –
Бостан-Бос.
Кімге –
Болсын,
Ашық –
Менің Есігім:
Әрқашанда –
Маған,
Басын қосқан –
Дос.
Тұңғыш рет,
Ұятыма –
Малындым,
Бір-ақ –
Мәрте,
Мау-Бастанып –
Мәңгірдім:
Ұшын –
Шайнап,
Жасыл-Орамалымның,
Қызыл-Ала –
Қан қылдым.
* * *
(Шер-Толғау)
Біздер –
Күзде туылдық,
Батып –
«Белден-Қарызға»:
Ата Жолын –
Қуындық,
Айналдырып –
Аңызға.
Қайырымды –
Қызырлы,
«Күз дегенім» –
Сом-Алтын:
Сары-Уайым –
Қызыңды,
Жарылқадың,
Уа,
Халқым…
1-3.11.2024
Алматы