«Керек кітап»
04.08.2024
90
0

Бекен Елубайұлы – еңбекқор қаламгер. Көркем очерктерден бастап, көсемсөздің де жұрт оқырлық биік деңгейге көтерілуіне үлес қосқандардың бірі.

«Қазақ әдебиеті» газетінің тұрақты авторына айналғанына да 30 жылдың шамасы болды. Әзіл-қалжыңға да өте үйірсек. Республикалық басылымдарда жарияланған бір топ төлтумаларын таяуда «Тоғанай – Т» баспасынан шыққан шағын кітапқа арқау етіпті. «Керек кітап» деген әзіл-сықақ, әжуаларында: «Таяуда өрт болды», – дейді де:
«Ал, енді бір айта кетерлігі…
…Өртенген базар да емес,
Банк те емес,
Құдай үйі – Мешіт еді.
Жұрт жағасын ұстап:
«Ендігі жетпегені осы ма?» –
десіп еді», – деп қорытындылайды ойын.
Сықақшы иманын үйіріп отыр. Ұлт, рух намысының «биіктегені» соншалық, Құдай үйіне де қол салдық. Арғы жағына беттемей-ақ қояйық. «Теңіздің дәмі тамшыдан білінер» демекші, оқырман қауым шығармаларына өз бағасын бере жатар.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір