БАСПАСӨЗДІҢ ҚЫЗМЕТІН КІМ ҚАЛАЙ ҰҒЫНЫП ЖҮР?
01.04.2016
1315
0

загруженоБіздегі ақпарат ағыны көбігі алынбай тарап кеткен сорпаға ұқсайды десек, дәл көрінісін беретіндейміз. Нағыз сорпаның қадірін білетін қазаққа мұны тү­сін­діріп жату – артық. Бұл – кәдімгі бұқаралық ақпарат құралын тек жаңа­лық үшін керек деп ұғып, «таңсық» пен «қоңсықты» талғамай оқи беретіндер мен бұ­қаралық ақпарат құралдарындағы материалдар арқылы қоғамдық пікір қалыптастыруға болады  дейтін оқырманның мидай араласып кеткенін айғақтай түсетін құбылыс. Бүгін біз «Желқазық» айдарында бұқаралық ақпарат құрал­да­рының өкілдерінен баспасөз бен интернет желілері туралы сөз қозғауды сұрап, төмендегідей сауал жолдадық. Ақпаратты жеткізуде қағаз газеттен гөрі те­леарна мен түрлі интернет желілерінің әлдеқайда жылдам қимылдайтыны рас. Бұл орайда газеттің таралған ақпаратты талдау, сараптау функциясы басым тү­седі. Қазіргі оқырман баспасөздің осы қызметін ұғына алып жүр ме? Оқыр­манның әр басылымды өз ерекшелігіне қарай талғап оқитын қабілеті қай деңгейде деп ойлайсыз? Басылымның сапасын таралым саны анықтайды деген ұғым­ға көзқарасыңыз қандай?

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір