ЖАҢСАҚ АҚПАРАТ – ЖҰРТТЫ ШАТАСТЫРДЫ
05.07.2024
37
0

Құрметті оқырман, жуырда әлеуметтік желі бетінде, атап айтқанда фейсбуктегі 3-4 қаламгердің постында ҚазМУ-дың бұрынғы студенті, журналист Гүлнар Өмірзақованың қайтыс болуына байланысты хабарлама тараған болатын. Мезгілсіз дүниеден озды деген хабар 14-маусымнан бастап, бір емес бірнеше рет жарияланды. Анықтау үшін хабарласқанда, онымен араласатын қаламгерлер телефондарын көтермеді. Алматы облыстық филиал өкілі кезекті еңбек демалысында болды. Сөйтіп екі аптадан астам уақыт өтті. Еш хабар болмаған соң, Жазушылар одағының қызметкерлері белгілі ақын Гүлнар Өмірзақовамен шатастырып, «Қазақ әдебиеті» газетіне көңіл айту беріп жіберді. Жаңсақ хабардың анық-қанығына жетпей көңіл айтуды жариялағаны үшін Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшылығы және «Қазақ әдебиеті» газеті ұжымының атынан Абай, Жамбыл, Мағжан атындағы республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы, «Жапырақ-ғұмыр», «Беріктас – берік босағам», «Жүрек лүпілі», «Қауырсын өмір – көктемім» атты жыр жинақтарының авторы, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлнар Өмірзақовадан кешірім сұрайды. Ақынға ұзақ ғұмыр, шалқар шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір