Абай университетінде Қазақстандағы Erasmus+ бағдарламасының ақпарат күні
22.12.2023
203
0

2023 жылдың 22 желтоқсанында Абай университетінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын Erasmus+ бағдарламасының ақпарат күні өтті.


Қазақстанның 100-ден астам жоғары оқу орнының басын қосқан іс-шара жоғары білімді дамытудың озық және тиімді бастамаларын енгізуде отандық университеттердің әлеуетін нығайтуға арналған Erasmus+ жобалары аясында тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестік орнату алаңына айналды.


Іс-шара бағдарламасы жоғары білім беру әлеуетін арттыру жобаларына, Жан Моне бағдарламаларына, халықаралық несиелік ұтқырлыққа және Erasmus Mundus Joint Master ‘ s бірлескен магистрлік бағдарламаларына арналған үш параллель сессияны қамтыды. Сондай-ақ, жоғары білім беруді реформалау бойынша Ұлттық сарапшылар тобының семинары өтті.

Бұл іс-шара білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар Қазақстанның заманауи және тиімді білім беру нысандарына деген ұмтылысын көрсетіп, елдегі жоғары білімді дамытудың жаңа перспективаларын ашады.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір