Чуваш қаламгерлері – Жазушылар одағында
04.06.2024
219
0

Апта басында Қазақстан Жазушылар одағына чуваш қаламгерлері қонақ болып, әдеби-мәдени басқосу ұйымдастырылды. Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов Чуваш Республикасы Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Владимир Бахмисовты, Чуваш Республикасы Жазушылар одағының хатшысы Лариса Дмитриева мен Чуваш Республикасы Жазушылар одағының мүшелері Елизавета Долгованы, аудармашы Зинаида Христофорованы қабылдап, келелі кеңес өткізді.

Екі ел арасындағы мәдени байланысты дамыту мақсатымен келген қонақтарға құрмет көрсетіліп, алдағы бірігіп атқарылатын істердің маңызы жайлы пікірлер айтылды. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов пен Жазушылар одағы басқарма төрағасының орын­басары ақын Қасымхан Бегманов «Чуваш Республикасы Жазушылар одағына – 100 жыл» мерекелік медалімен марапат­талды. Басқарма төрағасы Чуваш қаламгерлеріне естелік сыйлықтар тапсырды.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір