МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МӘНІ МЕН МАҒЫНАСЫ
18.03.2016
2484
0

БейбітБейбіт САПАРАЛЫ

 

Мәңгілік Ел болмақтың әуелгі шарттары бар.

  1. Жер бетіндегі өмір шектеулі, фәни жал­ған. Демек, мәңгіліктік ұғымы ақыр­за­манға дейін, яғни Исрафил періште сұр үр­легенге дейін ғана жалғаспақшы.
  2. Мәңгілік – Қасиетті Құран тілінде БАҚИ деп аталады. Мәңгі-бақи деген тір­кес те осыдан келіп шыққан. Мәңгілік тек Жән­нат пен Тозаққа ғана тән. Әуелгісі мен ақы­ры жоқ Алла субхана уа тағалаға ғана те­лінетін ұғым мәңгіліктік сипат. Ендеше, қа­зақ халқы жер аман тұрса өз ата қон­ы­сын­да рахат мекен етсе деген байырғы ба­балардың арманы ғой Мәңгілік Ел болмақтық. Асанқайғының «Жерұйық-Жиделібайсыны» да осы фәлсафаны ай­шықтай түседі. Хош делік, сонымен, исі қа­зақтың Мәңгілік Ел болу арман-мақ­са­ты­на бұрында кімдер кедергі жасапты, қа­зіргі мүмкіндік қаншалық? Өзге тарихты қопарыстырмай-ақ, 1822 жылы Романовтар әулеті бодандығы аясында үш мың жылдық қағандық-хандық ел басқару жүйесі күшпен тоқтатылғанда Мәңгіліктік тамырына оңдырмай алғашқы балта шабылған еді. Ескі орыстың Рюриковтерін жымыс­қы­лық­пен алмастырған Романовтар арқа­сын­да жаһанға өз өктемдігін жүргізген Ротши­льдтер әулеті тұрды. 1913-2013 жүз жылдық ара­лығында Ротшильдтер басқарған 13 әулет АҚШ-та Доллар баспаханасын, яғни ФРС жүйесін құрғанда мәңгілік қазақи ел­дікке және жойқын шабуыл жасалды. 1944 жылғы Бреттон-Вудс келісімдері 1971 жы­лы АҚШ Президенті Р.Никсонның ше­ші­мімен бұзылғанда төтеден қатынасы жоқ деп ойласақ та, саяси-экономикалық тұр­ғы­дан Мәңгілік Ел тұжырымын онан сайын көмескілендіре түсті. И.Сталин өлі­мінен кейін 1953 жылы құрылған Бильдерберг клубы қызметі, 1955 жылдан басталған Тың­ды игеру науқаны, қазақ жерін бөл­шек­теулер, 1979 жылы құрылмақ болған Не­міс автономиясы, міне, мұның барлығы да қазақтың дербес мәңгілік елдігіне орасан нұқсан келтіретін зұлым соққылар бол­ды. 1992 жылғы Қазақстан тәуелсіздігі 1822 жылғы шорт кесілген Мәңгілік Елдік үмі­тін қайта жандандырғандай болды. 2006 жылы Ротшильдтер басшылық еткен жаһан­дағы 100 ең үлкен алпауыттар әулеті құ­пия ортақ келісімге келіп, әлемдегі тең­десі жоқ қор құрды. 500-ден астам Форбс млрд. иелері төңірегіне топтасқан бұл мей­лінше зор қор 2013 жылы мерзімі аяқтала­тын ФРС жүйесін мүлдем жаңадан құру науқа­ны­на шұғыл кірісті. Соңғы жыл­дар­дағы дү­ниежүзілік дағдарыстар, халық­аралық қаржы ахуалындағы күрделі төңке­рістер, АҚШ долларының жаһандық сахна­дан ке­тер алдындағы қатерлі сілкі­ністері, әлем­­дік жаңа тәртіп орнауының алғы­шарт­тары, осының барлығы да қазақ дербестігіне өте сындарлы сәттер болды. 2006 жылы қа­зақ Мәңгілік Ел болатын­дығына бас­тап­қы қарар берілді. Ауа-райы жылуына байланысты жер бетін топан су басса, табиғи апаттар тосыннан орын алса байырғы қазақ топырақтары ғана еш қауіп-қатерсіз мыз­ғымай қалатындығын дәлді болжап-білген Ротшильдтер қарамағын­дағы трансұлттық корпорациялар енді қазақ сахарасына шын­дап көз тіге бастады. Сөйтіп, 2001 жы­лы қыркүйекте Ватикан сити қожайыны Рұм Папасы Иоанн Павел 2-ші арнайылап ат басын бұрып, әуежайда қонған сәт­тен бастап қазақ тілінде сөз сөйлеген та­рихи сапарнамасы жаһан алпауыттарына қа­зақ мемлекеттілігін қолдау керектігіне бай­ланысты алғашқы ресми ишаралардың бірі болды. 2006 жылдан бастап әлемнің 27 жетекші мемлекетіне Қазақтың атын шы­ғарасыңдар, Қазақты мойындайсыңдар деген жасырын пәрмен берілді. Майкл Нобельдер әулеті қазақ­пен ортақ шіркет құрып, әлемдегі барлық Нобель сыйлығы иегерлерін Қазақ Елі тарапына бет бұрғыза бастауы да сол астарлы сырлар жемісі. 1970-ші жылдар басында, Р.Никсонның орындауымен доллар «алтын­нан кіндік үзгенде» Нью-Йорк биржасы мен Лондон сити аралығында мұхит астымен ешкім тиісе ал­майтын қаржы ағымындағы қызметі өлшеусіз суперкабель өте құпия жағдайда тартылған болатын. Енді төрт құ­была түгел болуы үшін Токио биржасы мен Лондон сити аралығында суперкабель жер астымен тартылуы қажетті. Алайда, Брет­тон-Вудс келісіміне ресми қол қой­маған КСРО жері, нақтырақ айтсақ, Қазақ КСР байтақ даласы арқылы 5-7 мың ша­қырымды қамтып өтетін бұл халықаралық қаржы күретамыры таңсәріде Токиода басталған биржа жұмы­сын жағрафиялық тұрғыдан бақандай 10 сағатқа тоқтаттырып тастайтын. Бүйірден қосылған Гонконг, Шанхай, Сингапур биржалары да ортадағы орасан олқылықты толтыра алмайтын. Ротшильдт, Рокфеллерлер әулеті өздері қаржыландырған жоба КСРО басшыларына Сыртқы Істер министрі А.А.Громыко арқылы Бильдерберг тобы басқосуында қаншама мәрте қыспаққа салып, қол­қа­лағанымен аталмыш мәселе жылдар бойына шешімін таппай босқа қалды. Ақыры 1979 жылы жазда СОКП Орталық Коми­те­тінің Саяси бюросының «Ерейментау аста­насымен Неміс автономиясын құру» жө­нінде құпия қаулысы қабылданды. Алайда,  Сталиннің тұсындағы Қазақстанды басқар­ған қайрат­керлердің және одан кейінгі тарихи тұлға­лардың Андропов, Суслов се­кілді Саяси бюро мүшелерін үгіттеп көн­­діруімен ФРГ сұрауымен деген желеумен Неміс автономиясын құру жөнінде қаулысы шығарылды да, астыртын түрде қазақ студент жастарын мыңдап Целиноград кө­шелеріне әдейі шеру ұйымдас­тырт­қызуы­мен қаулының қайта­дан күшін жойғызып, ешкімді жазаламастан өсіре өтірік ақпа­раттар беріп Батыс алпауыттарын біраз заман тыныштандырып қойды. Әйт­пе­генде, Неміс автономиясы дербес жаһан­дық қаржы орталығына айналып, қазақ мемлекеттігінің жақын болашақта парша-паршасын шығаратын еді. Құдай сақтады, қазақ Мәңгілік Ел болады деген құпия келі­сіммен Астана арқылы Токио мен Лондонның ортасын жалғайтын жер асты суперкабелі тартылатын болды. Ол аз десеңіз, 2017 жылы ЭКСПО өтеді деген желеумен 2018 жылы тап сол орында Халық­аралық Астана қар­жы орта­лығы жұмыс істей бастайтын болды. Бар гәп сонда, Астана қаржы орталығы мен Астана биржасы Лондон, Токио, Нью-Йорк биржалары деңгейіне дейін көтеріліп, ағылшын құқығы негізінде өмір сүретін мемлекет ішін­дегі мемлекет Астана сити дербес шаһарына айналмақшы. 15-20 мыңдай әлемдік деңгейдегі диллерлер жұмыс жасайтын Астана қаржы орталығына Қытай мен Ресейден, Ираннан барлық менмін деген қалталылар  ағылып, әр күнде онда­ған триллиондар электронды түрде ерсілі-қарсылы ағылып жататын уақытты да өз көзімізбен көретін боламыз әлі. Ротшильдтер бастаған жүздік топ БҰҰ-ның штаб-пәтерін жаңа форматта Астанаға көшіретін болса, Қазақ Елі жаһанның саяси және экономикалық орталығына айналып шыға келуі де сөзсіз. Бильдерберг тобының Ресейді бақылаған бас өкілі А.Чубайс өткен жылдары «Қазақтан қорқың­дар» деп жұмбақ ұран тастауында да көп астар жатса керек. Сонымен, Бақ бері қара­ды. 2015 жылы қазанда Жапон премьері мен АҚШ мемхатшысымен бірге Токио және Нью-Йорк биржасының мамандары Астананы, болашақ қаржы орталығы орын­дарын өз көздерімен көріп кетті. Қара­ша басында Елбасы Ротшильдтер әулетінің ең дөкейі­мен Лондонда ресми кездесуі, қатар, тең тұрып сүгіретке түсуі, бейнетаспа­ға тартылуы, ар­тынша маңызды келісім­дерге қол жеткізуі Шыңғысхан, Ақсақ Темір, Бабұр замандарынан кейінгі қазақ Мәңгілік Елдігіне қосылған ең үлкен үлес болды. Одан беріде елімізде болып жатқан күрделі өзгерістер мен науқандар да тап сол тарихи мәміле­лердің салдарлары. Қазаққа жаңа империя болуға үлкен мүмкін­шілік беріліп отыр. Осы ғасырлар бойы күткен тарихи мүмкін­шілікті қолдан жіберіп алмастан, Елба­сымызға жан-жақтан қолдау көрсетіп, қазақтың Мәңгілік Ел  болуына барлығы­мыз да тайлы-таяғымызға дейін қалмай жұмы­лып атсалысуымыз қажет. Өзімізге өзіміз қатаң талап қойып, шын мәнісінде оянып, әулеттерімізбен алға ұмтылуымыз шарт. Ескі кетіп, мүлдем жаңа орнықпақшы қа­зақ мемлекеттігінде. Президенттік билік, Парламенттік пәрмен, Үкіметтік құзырет деңгейлесіп күшейгенін қалайды жаһандық алпауыт топ. Қателесуге, жаза басуға еш құқымыз жоқ. Алла субхана уа тағала бар­лығын да білуші әрі әрдайым күш-қуат беруші. Аллаға сеніп, еңсені тіктеп, қазақ елі-жерін тек қазақ болып қана көркейтіп-гүлдендіруіміз шарт. Қазақ дін ислам мен ата-баба салт-дәстүрін бекем ұстанса әлемді билеуші жойқын күшке айналмағы еш шүбәсіз. Осы жазғандарымыз санаға сәуле түсіріп, шайтани емес, имани тура жолдарға бастасын біздерді. Нұх ғ.с. өркениетін өр­кен­деткен атам Қазақ баласы Ақырзаманға дейін имани Мәңгілік Ел болып, Мақшарда пайғамбарымыздың Ақ туы астына жиналатын жәннаттық қауымнан болсын!
ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір