«Ұлы Даланың ұлы перзенті Мұхамеджан Тынышпаевқа – 145 жыл».
22.05.2024
529
0

Ұлы Дала халқының мерейі үшін қызмет етіп, Кеңес үкіметінің солақай саясатының құрбаны болған асыл азаматтарымыздың бірі Мұхамеджан Тынышпаев. Ол қазақтан шыққан түңғыш темір жол инженері, мемлекет және саяси қоғам қайраткері, тарихшы, Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, ағартушы-ғалым.

    Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің № 44 кітапханасы Мұхамеджан Тынышпаевтың туғанына 145 жыл толуына орай, 22-мамыр күні бүкіл саналы ғұмырын туған қазақ халқының мүддесін қорғауға арнаған біртуар тұлғаның өмір жолын еске алу мақсатында «Ұлы Даланың ұлы перзенті Мұхамеджан Тынышпаевқа – 145 жыл» атты тарихи кеш өткізді.

    Ұлт қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың  ерен еңбегіне, қайсар рухына бас иіп, құрмет көрсету, шығармашылығын дәріптеу, сондай-ақ қазақ халқының маңдайына біткен біртуар тұлғаның тікелей ұрпақтарымен, алаштанушы, тынышпаевтанушы, ғалым, профессор сынды еліміздегі еңбегі елеулі азаматттармен сұхбаттасу мақсатында, аталған іс-шараға М.Тынышпаев атындағы қордың Президенті, Мұхамеджан Тынышбайұлының жиен қарындасы — Нұршакен Жүнісқызы. Тарих ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, М.Тынышпаевтың өмірі мен тарихи қызметі туралы докторлық диссертация қорғаған Алаштанушы-ғалым — Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы, техника ғылымдарының кандидаты. Логистика және көлік академиясының қауымдастырылған профессоры, «Жылжымалы құрам» кафедрасының меңгерушісі — Әшірбаев Ғалымжан Қожахатұлы сынды елімізге белгілі тұлғалар шақырылды.

     Іс-шараның қадірлі қонағы болған М.Тынышпаев атындағы қорды басқарып отырған, М.Тынышпаевтың қарындасы Айсадан туған жиен Нұршакен Жүнісқызы, бүгінде қор, арда азаматың атын ұлықтауда үлкен жұмыс атқарып отырғандығын айтып, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Алашорда зиялыларының қатарында, туған халқының игілігі жолында өлшеусіз еңбек еткен ұлт қайраткерінің артында қалған мол мұрасын сөзіне арқау етті.

     М.Тынышпаевтың өмірі мен тарихи қызметі туралы көп ізденген тарих ғылымдарының докторы,  Жүгенбаева Гүлбану Саламадинқызы өз зерттеуінде, тағдыр талайына жазған ауыр азап пен бейнеттен жасына жетпей қартайып, денсаулығынан айрылған қайран азамат 1938 жылы түрмеде өлді, кейбір деректерде атылды деп айтылып жүргенін айтып, іс-шараға жиылған жиылған қауымды тебірентіп жіберсе, ал М.Тынышпаев атындағы Логистика және көлік академиясының қауымдастырылған профессоры Әшірбаев Ғалымжан Қожахатұлы, бар ғұмырын қазақ халқының мүддесін қорғауға арнаған біртуар тұлғаның өмір жолын еске алып, қайталанбас дарын иесінің сол кезеңдегі қиын жағдайы ешкімді алаңсыз қалдырмасы жайында мағыналы әңгімелер қозғады.

  Ұлы Дала халқының мерейі үшін қызмет еткен ұлт қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың  145-жылдығына арналған іс-шара  соңында, қонақтармен дидарласып, сұхбаттасуға Алматы автомобиль-жол колледжінің 1-курс студенттерімен келген арнайы пәндер оқытушысы Күнтуған Роза іс-шараның жиналған қауымның көңілінен шығып, есте қаларлықтай әсерлі өткенін сөз етіп, алғысын білдірді..

 Жеңіскүл ЕРМЕКБАЕВА,
Алматы қаласы Орталықтандырылған
кітапхана жүйесінің
№ 44 кітапханасының меңгерушісі

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір