ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ҰЛЫС МЕЙРАМЫ!
08.04.2024
325
0

«Наурыз – жыл басы, Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қараңғы мен жарықтың, қыс пен жаздың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін ТАБИҒАТ мерекесі.
Наурыз – адамдардың қыс қыспағынан, жұт апатынан аман қалып, малы төлдеп, аузы аққа жаритын ШАРУА мерекесі.
Наурыз – әрбір шаңырақта шырақ жағылып, «Қызыр түнін» күтіп, Жаратқан иемнен жақсылық, құт-береке тілеп, ертеңгі күнге зор үмітпен қарайтын СЕНІМ мерекесі.
Наурыз – жеті дәмнен наурызкөже жасап, адамдардың бір-біріне дәм татқызып, дастарқан басына басын біріктіріп, бірге отырғызатын ЫНТЫМАҚ-БІРЛІК мерекесі.
Наурыз – жыл бойы өткен-кеткен ренішті кедергісіз кешіріп, ән-күймен, ойын-сауықпен жанды жадыратып, сананы серпілтетін КӨҢІЛ мерекесі».

Зейнеп АХМЕТОВА,
«Бабалар аманаты»

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір