«Ғасыр ақыны — Мұқағали»
12.02.2024
555
0

9 ақпан – қазақтың ақиын ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?!

Ақын жырларын дәріптеу мақсатында 8 ақпан күні Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапхана Жүйесі №6 кітапхана бөлімшесінде «Ғасыр ақыны — Мұқағали» атты әдеби кеш өтті.

Кештің арнайы қонақтары:  Патриоттық қозғалыс «Желтоқсан ақиқаты» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері  Құрымбаев Болат Тоқтабайұлы, Жиенбаев Серік Нәсілжанұлы, ақын, философ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы “Жас қалам” бірлестігінің, «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қоғамдық қорының директоры Мұратхан Шоқан, дәстүрлі әнші Ермек Рахымбай,  №64 жалпы білім беретін мектептің 9, 8,7,6,5,3 сынып оқушылары мен ұстаздары, №53 мектеп-гимназиясының оқушылары қатысты.

Кеш барысында оқушылар ақынның отты жырларын жатқа оқыды. №64 мектептің орыс сыныбы оқушылары ақын шығармаларын мәнерлеп оқыды. Кеш соңында бүгінгі шараның арнайы қонақтары сөз сөйлеп, ақын туралы естеліктермен бөлісті. Кеш соңында кітапхана меңгерушісі Кадырбекова Балнұр Асқарқызы қонақтарға, шараға қатысқан оқушыларға өз алғысын білдіріп марапаттады, қонақтарға естелікке кітап сыйлады. Кешті  «Мұқағали – сүйікті ағам» әнімен дәстүрлі әнші Ермек Рахыбай қортындылады.

Мұқағали ғасыр ақыны екені баршаға мәлім. Оның өлеңдері мен еңбектері қазірде бізге жетіп тариxтағы   өшпес мұра болып сақталып отыр. «Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан,шын қуаныштан туған» — деп Әбіш  Кекілбаев текке айтпаса керек.

Қазақ халқының кемеңгер, ойшыл ақыны Абайдың: «Дүние –үлкен көл, ғалам-соққан жел, алдынғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны көркем өнердің баға жетпес маржандарын қалдырды. Сол меруерт маржандардың бірі, бірегейі — Мұқағали Мақатаев. Мұқағали атамыздың қаламынан туған қанатты жырлары xалқымен бірге жасай бермек.  Ендігі кезекте ақынның өлеңдерін бізге жеткендей бізде асыл қазына ретінде өз ұрпақтарымызға жеткізіп ақынның атын тариx саxнасынан жоғалтпауымыз керек. Ақын жырынан нәр алған, поэзияға жаны құштар оқырман көп болсын!

  Жұмаділ Хадиша,
№6 кітапхана қызметкері

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір