АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫНА — 120 ЖЫЛ
Абай облысында ТжКББ ұйымдары студенттерінің арасында «Бітібаева оқулары» облыстық олимпиадасы ұйымдастырылды. Олимпиадаға 14 колледжден 22 студент қатысты.
Облыстық олимпиада 2 кезеңнен тұрды. Үміткерлер бірінші кезеңде ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазса, екінші кезеңде билеттерге ауызша жауап берді. Сұрақтар М.О.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығына және ұлағатты ұстаз Қанипа Бітібаеваның өмірі мен қызметтік жолына байланысты болды. Олимпиада қорытындысы бойынша: І Дәрежелі дипломмен – Дильназ Қайратқызы (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК); ІІ Дәрежелі дипломмен – Азиза Нұрланқызы (Бизнес және сервис колледжі КМҚК); Айша Сұңғатқызы (М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі) КМҚК; ІІІ Дәрежелі дипломмен – Дина Сәбитқызы (Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі КМҚК); Сүлейменов Жалғас (Геологиялық барлау колледжі КМҚК); Райхан Мұнтаз («Қайнар» жоғары колледжі) марапатталды. Жеңімпаз студент республикалық «Бітібаева оқулары» олимпиадасына жолдама алды.
А.Мусанова