ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНА МЫҢ АЛҒЫС
04.03.2016
1606
0

8989898656565Алғыс айту күніне орай  БҚО тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстанның көпұлттылығының тарихына арналған зал ашылды.

Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Бақ­тияр Мәкен бастаған өңірдегі этномәдени бірлестіктер басшылары мен өкілдері, студент жастар қатысты.

Ассамблея залында қазақ, орыс, корей, әзірбай­жан, ұйғыр, татар, украин және басқа да халықтардың ұлттық киімдері мен бұйымдары, мұрағат құжаттары, музы­ка аспаптары, көне кітаптар, барлығы 100-ден астам құнды  жәдігерлер қойылған.

Корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Максим Пак Орал қаласында орнатылған «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің көшірме мүсінін музейге табыс етті.

 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір