ПРЕЗИДЕНТ ГАЗЕТІМІЗДІҢ ТІЛШІСІНЕ АЛҒЫС АЙТТЫ
19.12.2023
99
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев газетіміздің Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы меншікті тілшісі Көсемәлі Сәттібайұлына алғыс айтып, хат жазыпты. Ол хатты қаламгерге Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі және баспасөз-хатшысы Берік Уәли табыс етті.
Президент хатында: «Құрметті Көсемәлі Сәттібайұлы! Сіздің «Қазақ әдебиеті» газетіне шыққан «Соңғы соққы» атты мақалаңызды оқыдым. Әкем Кемел Тоқаевтың көпшілік біле бермейтін күнделігінен үзінділер келтіріп, жазушыны басқа қырынан таныта білген екенсіз. Ізденіспен жазылған мақалаңыз үшін өзіңізге шынайы ризашылығымды білдіремін. Қаламыңыз мұқалмай, шығарма­шылық жолында толағай табыстарға жете беріңіз. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін!» делінген.
Әріптесіміз, жазушы Көсемәлі Сәт­ті­байұлының шығармашылығына табыс тілей отырып, үлкен еңбекпен, тынымсыз ізденіспен жазылатын танымдық тұрғыдағы мақаларыңызбен газетіміздің абырой-беделі мен таралымын арттыра беріңіз дегіміз келеді.

«Қазақ әдебиеті» газетінің ұжымы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір