Балалар әдебиеті бәйтерегінің туғанына ғасыр толды
06.02.2024
1034
0

Қазақ әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған алғашқы шара Алматы облы­сында бастау алды.

26 қаңтар күні Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен өткен әдеби-музыкалық кешке өңір басшысы Марат Елеусіз­ұлы, қаламгердің қызы ­Самал Соқпақбаева, Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік ­Нұржанұлы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ҚР Жазушылар одағының басқарма Төрағасы Мереке ­Құлкенов, ақын, драматург, ҚР Мемлекет­тік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Кеш барысында сөз алған облыс әкімі Марат Елеусізұлы мен құрмет­ті қонақтар жазушының шығармашылығы мен шараның маңызына тоқталды. Райымбек ауданынан арнайы келген көзін көрген жерлестері естеліктерімен бөлісті. Шарада қазақ әдебиетіне өзгеше өрнек, ғажайып сыр-сипат алып келген қаламгердің шығармалары оқылды. Кеш соңы концертке ұласып, эстрадамыздың жарық жұлдыздары: ­Бекжан Тұрыс, ­Мейрамбек Беспаев, ­Мәдина ­Сәдуақасова, «Қоңыр» тобы және басқа да әртістер өнер көрсет­ті.
Жазушы мерейтойына арналған шара 31 қаңтар күні Алматы қаласындағы республикалық «Достық» үйінде жалғасты. Атаулы іс-шара аясында Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Талғар аудандық жеке лицей-интернаты бірігіп Б.Соқпақбаев­тың шығармаларына арналған кітап көрмесін өткізді. Жиында белгілі қаламгерлер жазушы хақында баян­дама оқып, сөз сөйледі. Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төр­ағасы Мереке Құлкенов іс-шараға қатысқан мектеп оқушылары мен ұстаздарға арнайы Алғыс хат табыстады.

Бану ДӘУЛЕТБАЕВА

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір