Басылым мерейтойының беташарын №20-кітапхана ашып берді
19.01.2024
441
1

«Қазақ әдебиеті» газетінің шыға бастағанына 90 жыл толып отыр. Әдебиет пен мәдениеттің бір арнада тоғысуына елеулі үлес қосып келе жатқан басылым 1934 жылдың 10 қаңтарынан бастап оқырман қауымға жол тартқан болатын.

Ұлт баспасөзіне айналған «Қазақ әдебиеті» газетінің 90 жылдық мерейтойының бет­ашарын алғаш болып кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріпқызының ұйым­дастыруымен Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі №20-кітапхана-бөлімшесі ашып берді. Салтанатты шараға «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, жазушы Дәурен Қуат, Бас редактордың орынбасары, жазушы Дархан Бейсенбек, сатирик, жазушы Еркін Жаппасұлы, басылым ардагері Ырыскүл Жұмабаева, журналист Айнаш Әлдибек қатысты.

«Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы Дәурен Қуат:

«Ұрпақтар алмасады, шығармашылықта да аға буынның орнын жас буын басады. Сол үшін газетімізде «Жас тұлпар» деген қосымша аштық, онда жас ақын-жазушылардың шығармашылығын насихаттау­ға мүмкіндік бар», – дей келе, қазір есім-сойы елге танылып қалған барлық жас ақын-жазушылардың шығармалары насихаттауға мүмкіндік барын «Жас тұлпар» қосымшасында шығып келе жатқанын, газеттің жалпы мазмұнын тілге тиек етті.

Мерейтойлық шарада бас қосқан оқырмандар мен кітапхана қызметкерлері басылымның қазіргі жай-күйін талқылады. Айтулы кешке «Қарақат мектеп студиясының» бүлдіршіндері белсене қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Кеш соңында 20-кітапхана меңгерушісі Лаура Мәулітшәріпқызы «Қазақ әдебиеті» газеті жайлы ыстық лебізін білдіріп, 90 жылдық мерейтойға орай құттықтау хаты мен шежірелі басылым ұжымына сый-сияпатын табыстады.

Жанерке АРЫСТАНБЕКОВА,

кітапхана қызметкері

 

ПІКІРЛЕР1
Аноним 21.01.2024 | 23:23

Керемет 😍

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір