СЕГІЗІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ КІТАБЫ ТҮРКИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ
27.11.2023
186
0

Ұрпағымыз білімді, болашағымыз жарқын болу үшін жас ұрпаққа аса пайдалы білім, саналы тәрбие беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Мақтаарал ауданындағы Ы.Алтынсарин атындағы №26 жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 8 сынып оқушысы Дінмұхаммед Нұрғалиұлының «Зузу мен Куку» ертегісі түрік тіліне тәржімаланып, жеке кітап болып жарық көрді. Аудармашы Шериф Иылмаз тәржімалаған ертегі Түркиядағы «Ferfir» баспасынан 1000 дана таралыммен шығарылған. Элазыгта өткен кітап жәрмеңкесіне Дінмұхаммед пен ол оқитын мектептің директоры Есенкелді Елжанұлы арнайы шақыртумен қатысып қайтты. Ұшқыр ойлы кішкентай жазушының сынып жетекшісі Ашенова Айгүл шәкіртінің жетістіктері жайлы айта келе: «Ол – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, болашағынан үлкен үміт күттіретін оқушы. Оның алдағы уақытта да білім, ғылым саласында мол табыстарға жете беруіне тілектеспіз», – дейді ағынан жарылып. Біз де кішкентай талапкерді тырнақалды кітабының шығуымен құттықтап, сәттілік тілейміз! 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір