БАСЫЛЫМНЫҢ АЛҒАШҚЫ НӨМІРІ
22.02.2016
1513
0

Тумса табигаты китапӘлемнің жетекші ғылыми-танымдық журналы Орта Азия аймағы бойынша алғаш рет Қазақстанда жарық көрді.  «National Geographic Қазақстан» атауымен шыққан журналдың қазақ тіліндегі алғашқы саны жуырда жарық көрді.

Қазақ тілінде жарық көріп отырған ал­ғашқы шетелдік басылым – «National Geographic Қазақстан» журналдың бірін­ші беті ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құттықтау сөзімен басталады: «Байтақ жеріміздің географиялық ерекшеліктері ғана емес, ғасырлар қойнауынан сыр шер­тетін тамырлы тарихы да аса қызықты. Сақ пен Ғұнның, Түркі қағанатының ру­хын бүгінгі біздерге жеткізген ескерт­кіш­тері де мол. Еуразия құрлығының әлеуетті дамуына дем берген Ұлы Жібек жолының сауда керуендері осы өлкенің бойында кө­шін керген. Сол далаға иелік еткен хал­қы­мыздың қайталанбас салт-дәстүрі, бі­ре­гей болмысы мен жасампаз келбеті қа­лыптасқан. Осынау алуан айшықты та­би­ғатымызды, шежірелі тарихымыз бен мәйек­ті мәдениетімізді, туристік әлеуе­тімізді дәйекті деректермен баяндап, әлем жұртына жан-жақты насихаттау – еңселі елдігіміздің белгісі. Жаңа журнал осы орайдағы жұмыстарға ғылыми тұр­ғы­дан тың көзқараспен келіп, жауһар бай­лығымызды жаһанға таныту ісіне өз үле­сін қосады деп сенемін. Мен әлемге әй­гілі басылымның Қазақ жерінде, қазақ ті­лінде жарық көруін ана тіліміздің ха­лықаралық деңгейдегі тағы бір жетістігі деп бағалаймын», – дейді Елбасы өз сө­зін­де. Сонымен қатар, «National Geographic» журналының бас редакторы Сюзан Голдберг құттықтауында: «National Geographic» әлеміне қош келдіңіздер. Қолдарыңыздағы сары жиекті жур­нал­дың жер жүзінде өздеріңіз секілді 60 мил­лионнан аса оқырманы бар. Бір қуа­нар­лығы, биыл Қазақстан басылымы отыз сегізінші  тіл болып  үлкен қауымдас­тық­тың қа­тарына еніп отыр. Ай сайын Вашингтон­дағы штаб-пәтер ұжымы «National Geographic Қазақстан» журналы бетіне қы­зықты зерттеу мақалалар ұсынатын бо­ламыз», – дейді.

Басылым алғашқы санынан-ақ Қа­зақ­стандағы өзекті экологиялық проб­ле­ма­ларға назар аударып, «Арал тағдыры – адам тағдыры» деп аталатын мақалада ғаламшарымыздың ең үлкен су қоймасы, Орталық  Азияның  маңызды стратегия­лық нысаны – Арал теңізінің бүгінгі жай-күйін баяндайды.

«National Geographic Қазақстанның» бі­рінші санының  мұқабасына «Тұмса та­би­ғат. Ол бізге не үшін керек?» деген сауал қойып, мақалалары арқылы осы сұ­рақ­­қа жауап іздейді. Бірінші  нөмірде  «Әлем­дік сер­уен», «Саябақтар қасиеті», «Жұ­қарған мұзға беталыс», «Жаңа Нью-Йорк» деген та­қырыптарды қозғап, дүние­жүзіндегі табиғаттың тылсымдарына бойлайды.

Журналдың түрлi-түстi фотосуреттерi мен қызғылықты әрі танымдық мақа­ла­лары мен жолжазбалары үйден шықпай-ақ, әлемнің төрт тарабына саяхат жасауға мүм­кiндiк бередi. Саясаттан тыс дүние­лер­дi, соның iшiнде адамзат өркениетiнiң өзектi мәселесiнен бастап, көне тарихына дейiн барлайтын, тұмса табиғат, география, археология, тарих, биология, астрономия сынды ғылымдар саласын кеңiнен қам­титын басылым екінші нөмірінде 1937 жыл­ғы «National Geographic» журналында жарияланған Қазақстан туралы «Күн тұтылу» атты мақаласын ұсынбақшы.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір