Алғашқы көмек беретін платформа әзірленді
12.06.2023
277
0

Жақында елімізге Армениядан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері біздің медицина­лық-санитариялық алғашқы көмек реформаларын жүргізуде тәжірибе алмасу мақсатында арнайы келді.

Олардың құрамында Денсаулық сақтау министрлігі мен өңірлік денсаулық сақтау басқармасы, университет пен бейім қауымдастықтардың өкілдері, денсаулық сақтау менеджерлері мен тәжірибе алмасушылар бар. Армениядан арнайы келген делегацияның сапары Алматыда қаласында да жалғасады. Олар Алматы шаһарына 12 маусымда келеді деген ақпарат бар.
Армениялық денсаулық сақтау мамандары ДДҰ-ның медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету платформасында денсаулық сақтау реформаларын егжей-тегжейлі зерттеу­ге ниетті екен. Армениядан келген дәрігерлерді біздің денсаулық саласы мамандары дайындаған отбасылық дәрігерлер, психологтың, әлеуметтік қызметкерлер, бесаспап мейіргерлерден тұратын көпбейімді топқа негізделген МСАК үлгісі және практикалық зерделеу жағы қызықтырған.
Қазақстан медициналық-санитария­лық алғашқы көмекті (МСАК) реформалау, адам, отбасы және қоғам деңгейінде медициналық қызметтерді тиімді ұсыну тәсілдері осы өңірлерде көшбасшы елміз.
Армениялық делегация созылмалы аурулардың профилактикасы мен тиімді емдеудегі мүмкіндіктерге бағытталған МСАК-тің жаңа үлгісін құру стратегия­сын зерттейді. Медицина саласы өкілдерінің сұранымы бойынша сапар бағдарламасына МСАК-ты қаржыландыру, МСАК-тың сапа­сын басқару, персоналды қайта даярлау, қалалық және ауылдық ортада медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері, инновациялық тәсілдер – телемедицина, мобилдік медициналық көмек мәселелері де кіреді.
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының Медициналық санитариялық алғашқы көмек көрсету платформасы – ДДҰ Еуропалық бюросының инновациялық өнімі. Бұл платформа 2022 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Алматы облысының Есік қаласында, Еңбекшіқазақ ауданаралық көпбейімді ауруханасының базасында ашылған.
Арменияның денсаулық сала мамандары бұл платформа ашылғалы Қазақстанға бес мәрте келген. Осыған дейін Қазақстанның бұл озық тәжірибесін Өзбекстан Республикасы мен Қырғызстан және Тәжікстан елдерінен де өкілдер келіп, зерттеп, тәжірибе алмасқан болатын.

Жанна Ақбергенқызы

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір