«Асыл сөздің» алғашқы иегерлері

Қазақстан Жазушылар одағының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп тағайындаған «Асыл сөз» сыйлығы алғашқы иегерлеріне табыс етілді.
Одақ төрағасы Мереке Әбдешұлы: «Қазақстанның әдебиеті мен мәдениетін, сондай-ақ талантты авторларды қолдауға бағытталған бұл марапат екі номинация бойынша беріледі. Әр номинацияның 5 000 000 теңге көлемінде сыйақысы бар», – дей келе, Қазақстан Жазушылар одағының «Асыл сөз» әдеби сыйлығымен поэзия номинациясы бойынша белгілі ақын Байбота Қошым-Ноғайды, проза номинациясы бойынша көрнекті жазушы, әдебиет сыншысы Тұрсынжан Шапайды марапаттады. Қазақтың қос қарымды қаламгерін мәртебелі сыйлықтарымен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!
Аталған сыйлық алдағы жылдарда да әдебиетке елеулі еңбек етіп келе жатқан қаламгерлерге дәстүрлі түрде берілетін болады.
«Атымтай жомарт» медалі тапсырылды
Елімізде әдебиет саласының өркендеп өсуіне жанашырлық танытып, мүмкіндігінше өзіндік үлес қосып жүрген тұлғалар аз емес. Олардың әдебиет майданында атқарған ауқымды істері көпшілікке өнеге болары сөзсіз. Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдық мерекесіне арналған салтанатты жиында меценаттарға берілетін «Атымтай жомарт» медалінің алғашқы иегерлері анықталды. Медальді Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов табыс етті.
«Атымтай жомарт» медалінің алғашқы иегерлері: Төкен Танаұлы – «ТNS»-group»концерні» заңды тұлғалар бірлестігі, Исламбек Салжанов – ҚР Ұлттық Спорт қауымдастығының президенті, Бекет Тұрғараев – «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, Ислам Әбішев – «БАТСУ» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы, Жалғасқали Дүтмағамбетов – «САЛДУ» ЖШС директоры, Ардақ Қамытов – ТОО «Центр семейного здоровья Авиценна ВКО», Қанат Сәнік – «МКА Инжиринг» ЖШС компаниясының директоры, Дулат Тастекеев – «Аssyltas»қоғамдық қорының құрылтайшысы, Рахымғали Құл-Мұхаммед – «Атамұра» корпорациясының Президенті; Рафик Мирзоев – Golden Star ЖШС-нің директоры, Сергей Титюк – ск petroleum кеңесші, Съезбек Ахметов – Жан-Ер Медициналық орталығы (Семей қаласы), Владимир Розметов – «Атырау Агро өнімдері» шаруа қожалығының директоры, Дәулет Әскербеков – «Даму строй» компаниясының директоры, Краскокуцкий Андрей – «АТОН+» компаниясы директорының орынбасары, Антонов Антон – «АТОН+» компаниясының техникалық директоры.
Марапат құтты болсын, әдебиет жанашырлары!