Кадрға тосыннан іліккен құндылықтар жиыны
05.10.2023
122
0

Алматыдағы Ұлттық кітапханада әйгілі фототілші Сайлау Пернебаевтың фотоальбомының тұсаукесері мен жеке шығармашылық фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті.

«Жұрттың есінде қалған фотоөнер иесінің, үлкен таланттың олжа салмаған жанры кемде-кем. «Ақ пен қара» атты бұл фотоальбомда қазақ фотожурналистикасын дамытуға елеулі үлес қосқан, бар ғұмырын осы салаға арнаған Сайлау Пернебаевтың ел шежіресін, оның ішінде «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет етіп жүрген кезінде ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы қазақ ақын-жазушыларының бейнесін «Тосыннан түсіргенде» деген тақырыппен фотосуретпен сақтап қалған ерекше туындылары беріліп отыр, – деді сөз басында осы жиынның модераторы болған белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы Төрағасының бірінші орынбасары Нұржан
Қуантайұлы.
Аса құнды альбом-кітап «Фото­өнер» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, Асылхан Әбдірайымұлы мен Айнұр Сайлауқызының «Атамұра» баспасынан жарық көрді. Кітапқа енген суреттер Сайлау Пернебаевтың жеке мұрағатынан алынған.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір