Ұлттық құндылықтар жайы талқыланды
24.11.2025
32
0

Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының кезекті отырысы өтті.

Сенат Төрағасы тарихи кезеңде табан тірейтін құндылықтарды айқындап, оларды жаңа заманға бейімдеу және тың тетіктер арқылы уақыт талаптарымен үндестіру жолдарын анықтау маңызды міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Мем­ле­кет басшысы үнемі осы бағыттағы идеологиялық жұмысқа баса мән беріп келе жатқанын айтты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауда Қазақ­станды үш жыл ішінде жаппай цифрлық елге айналдыру жөнінде нақты міндет жүктеді. Мұндай қадам ұлттық бірегейлігімізді одан әрі нығайтуға тың серпін береді. Кездесу барысында аталған бағыттар мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуде цифрлық технологияларды қолдану мәселелері жан-жақты талқыланып, тың ұсыныстар айтылады деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.
«Ұлттық мүдде» диалог алаңында сенаторлармен қатар Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов, ҚР Ұлт­тық музейінің директоры Берік Әбді­ғали­ұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Баянғали Әлім­жанов, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, Жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай, IT-визионер, CEO CodiPlay Данабек Қалиаждаров, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім меңгерушісі Салтанат Ерма­ханова, суретші Сырлыбек Бекбо­таев, Astana IT University «Жасанды интеллект» ғылыми-инновациялық орталығының директоры Бейбіт Әбдікенов, Сенат жанындағы Сарап­шылар клубының мүшесі Жанер­ке Кочйигит және тағы басқа қатысушылар сөз сөйледі.
Сонымен қатар «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы аясында шығармашылық индустрия өкілдері, оның ішінде ÓzgeEpic, лингвистер, студенттер, өнертанушылар, сурет­ші­лер және басқа да түрлі сала маман­дары жаңа технологиялардың көмегімен әзірлеген жобалар көпшілік­ке таныстырылды. 

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір