ЖҮРЕКТЕРДІ ҚОЗҒАҒАН АҚЫН ӘЛЕМІ
18.09.2023
149
0

14 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетов атындағы залында кітапхана директоры Бақытжамал Оспанованың ұйымдастыруымен ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Бауыржан Жақыптың 60 жасқа толуына орай ақын шығармашылығына арналған дөңгелек үстел отырысы мен қаламгердің жаңа жинақтарының таныстырылымы өтті.
Дөңгелек үстелді жүргізу тізгінін ұстаған «Қазақ радиосының» журналисі, «Құрмет» орденінің иегері Бақыт Жағыпарұлы «Бауыржан Жақып. Библиографиялық көрсеткіші», «Білте шамның жарығы», «Жүректен қозғайын», балаларға арналған «Ақ лақ», «Жан дауысы – Крик души» интерактивті кітаптарының тұсаукесер рәсімінен кейін алғашқы сөз кезегін Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке
Әбдешұлына берді. Сонымен қатар дөңгелек үстелде бас қосқан өзге де ақын-жазушылар мен академик, ғалымдар, ақынның ұстаздық жолдағы әріптестері мен шәкірттері толғамды сөз сөйлеп, жан-жақты зерттеу еңбектерінен сүбелі ойлар келтірді.
Қазақстанның Еңбек сіңірген Қайраткері Нұржан Жанпейісов, Қадырғали Көбентай, ­Бақтияр Орал мен­ Айбек ­Мұхамедиәлі, Ж.Елебеков атындағы эстрадалық цирк колледжінің 3-курс студенті Садырқұл ­Өркен ақын сөзіне жазылған әндер мен басқа да сазды әуендерден шашу шашып,
Марфуға Айтхожина, Иран-Ғайып, Абзал Бөкен, Шаяхмет Алжанбай, Болат ­Құрманғажы, Кұрманғазы ­Жұмағұл, Мағиза Құнапияқызы, Роза Сейілханова сынды ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Мектеп оқушылары ақын жырларын жатқа айтып, кеш қонақтарын ерекше сезімге бөлесе, Қазақ қыздар педагогика университетінің студенттері поэтикалық көрініспен көрермендерді баурап алды. Жиын соңында ақын өз өлеңдерін оқып, ауқымды шараны ұйымдастырушыларға, ұжым қызметкерлері мен кеш қонақтарына алғысын білдірді.

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір