АҚЫНҒА ТАҒЗЫМ
2016 жылдың 25 ақпанында сағат 11.00-де әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толуына арналған «Жамбылдың ақындық мұрасы және жамбылтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.
Конференция аясында Жамбыл Жабаев шығармаларының таңдамалы екі томдығының тұсаукесер рәсімі жасалады. Жамбыл атындағы қазақ фольклоры мен әдебиетін зерттеу орталығы ашылады. Конференцияда Ресей, Қырғыз, Түрік, Қытай елдерінде Қазақ әдебиетінің мәселелерімен және Жамбыл шығармашылығын зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар, сондай-ақ, отандық жамбылтанушылар баяндама жасайды.
Келем деушілерге есік ашық.