АҚЫНҒА ҚҰРМЕТ
02.06.2026
29
0

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, танымал ақын, бірнеше жыр жинағының авторы Ғайсағали Сейтақ жақында Мемлекет бас­шысы­ның Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапат­талды.

Ғайсағали Самиғоллаұлы – ұзақ жыл журналистика саласында абыройлы қызмет атқарған ардагер. Ол Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» газетінің редакциясы мен «Жайық Пресс» ЖШС-да біраз жыл басшылық қызметтер атқарып, жас тілшілердің маман ретінде қалыптасуына да айтулы үлес қосты. Ғайсақаң бүгіндері «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі ретінде біздің өңірге қатысты шұғыл ақпарат, жедел мәліметтерді қаламын суытпай дер кезінде таратып келеді. Мәртебелі мемлекеттік марапат Ғай-
сағали Самиғоллаұлының шығармашылығына тың шабыт, соны серпін береді деп сенеміз.
Ғайсақа, сізді «Құрмет» орденімен марапатталуыңызбен барша әріптестер атынан құттықтай отырып, деніңізге сау­лық, айналаңызға амандық, отбасыңызға баянды бақыт, әулетіңізге береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ тілейміз!
Еңбегіңіз әрдайым лайықты бағаланып, бақ жұлдызыңыз жарқырай берсін!

Қазақстан Жазушылар одағының Ақ Жайық атырабында тұратын мүшелері

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір