Тамыры бір татар қаламгерлері Жазушылар одағына келді
Татарстан Жазушылар одағының төрағасы, жазушы Ркаил Зайнулдин бастаған делегация Қазақстан Жазушылар одағында қонақта болды.
Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма Төрағасы Мереке Құлкеновтің іс-сапарда болуына байланысты делегацияны төрағаның бірінші орынбасары, жазушы Нұржан Қуантайұлы қабылдап, қонақтарға Қазақстан Жазушылар одағының қазіргі атқарып жатқан жұмысы туралы, келешектегі жоспарлары жайында әңгімелеп берді, екі елдегі әдеби байланысты күшейту жолдарымен тәжірибе алысты.
Кездесу барысында талқыланған негізгі мәселе екі елдің әдебиет саласындағы ынтымақтастығын күшейту болды. Жиынға «Қазақ әдебиеті» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Мырзан Кенжебай, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Тұрысбек Сәукетай, жазушылар Нұрдәулет Ақыш, Нағашыбек Қапалбекұлы және басқа қаламгерлер қатысты. Бұдан кейін меймандар «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы редакцияларымен танысты.
ПІКІРЛЕР1