ТӨРТ ТҮЛІКТІҢ ТӨРЕСІ
11.07.2023
382
0

Түркітектес халықтардың, оның ішінде қазақтың ықылымнан бастап, ауызекі тілімен айтқанда «күні бүгінге» дейінгі ғұмырнамасына қас-қағым сәт қана көз салсаңыз оның жылқы малынсыз таңы атып, күні батқан кезі болмағанын көрер едіңіз. Ішсе ас, мінсе көлік, дұшпанын қуса жеткен, қашса ажалдан басқаның бәрінен құтқарған жалғыздықта жан досы болған жылқы малына деген қазақтың құрметінің де, қошеметінің де шегі жоқ.
Жылқы малының өзге төрт түлікке тартпаған адам таңғаларлық, ерекше қасиеті мен оның киелілігі жайында айтылған аңыздар мен әңгімелерге мақал-мәтелдерге сан жетпейді. Жылқыны өзінің жан серігіндей көрген халқымыз осынау киелі жануардың тұла бойындағы бүкіл мүше-мүшесінен бастап құйрық-жалының қылына, оның түр-түсіне шейін зерттеп, зерделеп әрқайсысына ат қойғаны бізден басқа бірде-бір халықта бар ма екен? Әй қайдам-ау. Міне, мына тұлпартекті жануардың суретіне зер салып қараңызшы. Тұла бойында атаусыз қалған бір жері жоқ. Осы суретті сонау 1990 жылдары Арал ауданы Құланды жылқы зауытының білгір маманы Серік Себетов деген марқұм боп кеткен ағамыздан алып едім. Суретте жылқының тұла бойындағы бүкіл бөліктерінің, мүше-мүщелерінің 84 атауы бар екен. Ал бұл бізге белгілі болғаны ғана.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

ЖЫЛҚЫНЫҢ СЫРТ МҮШЕЛЕРІ

1. Құлақ ұшы
2. Құлақ
3. Құлақтүп
4. Кекіл
5. Сырғалық
6. Маңдай (орай)
7. Көз
8. Кеңсірік
9. Бет сүйек бүдірі
10. Тұмсық
11. Танау
12. Үстіңгі ерін
13. Шұралық
14. Ауыз
15. Езу
16. Астыңғы ерін
17. Иек
18. Астыңғы жақ
19. Шықшыт
20. Бауыздау
21. Тамақ
22. Өндіршек
23. Топшы
24. Омырау
25. Омырау бұлшығы
26. Төссүріншек
27. Шынтақ
28. Қаржілік
29. Тізе
30. Жіліншік
31. Тұсар
32. Шаша
33. Бақай
34. Құндыздық
35. Көбе
36. Жұлық
37. Тұяқ
38. Мөртабан
39. Майөкше
40. Жерсоғар
41. Барлау
42. Қолаңса
43. Қолтық
44. Төс
45. Үзеңгілік
46. Бауыр
47. Кіндік
48. Шап
49. Шап орай
50. Ұма
51. Үлпершек
52. Қылта
53. Тілерсек
54. Тірсек (шідерлік)
55. Сан
56. Тобық
57. Таң
58. Жаңбырлық
59. Ұршық
60. Құйрық
61. Күнтимес
62. Аламай
63. Құйрықтүп
64. Жая
65. Сауыр
66. Сербек
67. Бөктеріншек
68. Мықын
69. Бел
70. Қаптал
71. Арқа
72. Тебінгілік
73. Басарқа
74. Шоқтық сүйек
75. Шоқтық жел
76. Мойын түп
77. Жуан мойын
78. Мойын
79. Май жал
80. Қыл жал
81. Қылмойын
82.Желкелік
83 Көкжелке
84. Төбе сүйек
85. Шаша

ПІКІР ҚОСУ

Ваш адрес email не будет опубликован.

Пікір